Ресей 500 танкісінен айырылды
Ресей Украинада 500-ден астам танкісінен айырылған. Бұл туралы Oryx мониторинг жобасы хабарлайды.
Ресейдің 257 танкісі жойылған, 9-ы зақымдалған, 40-ы қараусыз, жарамсыз күйде жол жиегінде қалған, 200 танк Украинаның қолына өтіп, олжа болған. Ресей Т-64, Т-72, Т-80 және Т-90А танктерімен соғысуда. Тағы 62 танктің үлгілерін анықтау мүмкін болмапты.
Украина 110 танкісінен айырылды. Негізінен бұл T-64B танктері. Ресей армиясы 57 украиндық танкті, Украина 200 ресейлік танкті олжа еткен.
Abai.kz