Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2408 0 пікір 11 Қазан, 2012 сағат 07:13

ОҚО: бақша өнімдерінің рекордтық көрсеткіші

ОҚОда осы жылы бақша дақылдарының рекордық өнімі жиналды. Оның бір бөлігі Ресей, Беларусь және Еуропаға экспортталды.

Оңтүстік Қазақстанның қауындары француз дүкендерінде сатылуда. Енді оңтүстік аймақ республиканы жеміс және көкөніспен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.
Жаздың құрғақ болғанына қарамастан, 1 млн 10 мың тонна астық жиналды. Осы жылы тұңғыш рет қауын мен қарбыз 50 мың гектарға егілді. Соның ішінде, Мақтаарал ауданы көшбасшы болып тұр. Рекордтық өнімнің жартысына жуығы осы ауданнан жиналды. 

«Бізде биыл тамшылатып суғару әдісі 20 мың гектарға жетті. Ол бізге 13 млрд теңгеге жуық өнім өндіруге мүмкіндік берді. Жыл сайын бұл алқап 7 мың гектарға ұлғайып жатыр. Жылдар бойғы жиналған тәжрибе мен үкімет тарапынан түрлі бағдарламалар арқылы көрсетіліп жатқан көмек өнімділікті арттыруға сеп болған. Әр гектардан 186 центнерден бақша өнімдері жиналды. Бұрын соңды болмаған көрсеткіш - 1 млн тоннадан аса өнім тұтынушыға жөнелтілді. Бұл былтырғы жылға қарағанда 275 мың тоннаға көп», - дейді ОҚО әкімінің бірінші орынбасары Берік Оспанов.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458