Сенбі, 12 Қазан 2024
2417 0 пікір 21 Сәуір, 2022 сағат 18:47

Алматы академиясында "Ашық есік" күні өтті

Алматы облысының Ішкі істер департаменті және ҚР ІІМ Алматы академиясы мен Іле аудандық білім басқармасының арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылып, кадет балаларға Алматы академиясының тәжірибесін көрсетті.

Бір топ жас кадеттер Алматы академиясына "Ашық есік" күніне келіп, курсанттардың тұрмыс—тіршілігімен, оқу аудиторияларымен танысты. Оның ішінде академияда оқытатын қазіргі қоғамға керекті IT-мамандарды оқытатын арнайы аудиториямен және елімізге танымал генералдардың атындағы дәрісхана, тағы сол сияқты бірнеше аудиториялармен танысып, тамашалады.

Сондай-ақ, оқу орнындағы әртүрлі жаттығу алаңдарында болып, қару-жарақ түрлерімен таныс болды. Олар курсанттардың жатын бөлмелері казарманы аралап, асханадан  дәм татты.

Спорт залында жауынгерлік тәсілдермен самбо шеберлерінің өнерін тамашалап, өз қызығушылықтарын да білдірді.

Экскурсия соңында академия тыңдаушыларымен бірге сап түзеп, алаңнан жүріп өтті. Бұл да бір әдемі көрініс болды.

Мағжан Жұмабаевтың “Мен жастарға сенемін"-деген қанатты сөзімен айтқанда Әрбір жас жүрек азамат өзінің туған Отаны – Қазақстанын жанындай сүйіп, танып, оған табынып өсуі қажет. Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялап, келешегіміз кемелдене түсетіні анық.

 

Abai.kz

0 пікір