Сенбі, 12 Қазан 2024
2511 1 пікір 28 Сәуір, 2022 сағат 15:18

Арменияда оппозиция бас көтерді

Ереванда оппозиция өкілдері екінші күн бас көтеріп жатыр. "Қарсылық" қозғалысы Никола Пашинян үкіметін Таулы Қарабахтың барлық аумағының тәуелсіздігін мойындап Әзербайжанмен келісімге келмекші деп айыптап жатыр.

Оппозиция Пашинянды отставкаға жіберіп, бұл жағдайға жол бермеу керек деп есептейді. Наразылық білдіргендің бір бөлігі 26 сәуірде Ереванда Пашинянның кортежі қағып кетіп, аяғы ауыр әйелдің қайтыс болғанына наразылық білдіреді.

Сәрсенбі күні Армения үкіметі қайғылы оқиға болған кезде, көлікте премьер-министр отырғанын мойындады. Бірақ премьер-министр терезеден бір әйелдің құлап қалғанын көріп, жедел жәрдем шақыруға бұйрық берген. "Кортеж неге тоқтап, әйелге көмек бермеді?" деген сұраққа Пашинян аппараты өкілі "бұл кептеліс туғызып, жедел жәрдем келуіне кедергі келтіретін еді" деп жауап берді.

Аяғы ауыр әйел де, ішіндегі баласы да қайтыс болды. Қайғылы оқиғадан кейін Пашинян 28 жастағы марқұм келіншектің әкесімен кездесіп, көңіл айтты. Тергеу ісі таза өтеді деп уәде берген. Сәрсенбі күні бұзақылық жасады деген күдікпен 20-ға жуық адам ұсталған.

Abai.kz

1 пікір