Сенбі, 23 Қараша 2024
Алаң 3281 21 пікір 3 Мамыр, 2022 сағат 14:27

Ресейдің мақсаты Молдованы соғысқа тарту...

Соңғы екі аптада Молдованың Приднестровье аймағында үш бірдей жарылыс болды. 90-жалдары Ресейдің қолдауымен сепаратистер бас көтеріп, Молдовадан тәуелсіздігін жариялап, жеке мемлекет болуға ұмтылды. 1992 жылы қарулы қақтығыс болып, артынша аталмыш аймаққа Ресей бітімгерлік күштерін кіргіземіз деген мақсатпен Шығыс Еуропаға әскерін кіргізуге мүмкіндік алды. Бүгінде Приднестровьеде Ресейдің 2 мың сарбазы топтасқан, сонымен қатар әскери техника мен әуежайға да ие. 

Украинаға Ресей соғыс ашқан сәтте, сарапшылар Приднестровье аймағында қақтығыстар қайта басталуы мүмкін екенін жазды. Себебі Украинаның батысынан шабуылға шығу үшін, Ресей Приднестровьедегі әскерін қолдануға себеп табуға тиіс. Соңғы аптадағы жарылыстар мен террорлық әрекеттер сол себепті іздеу "амалы" болуы да ғажап емес.

Приднестровьенің Тирасполь қаласындағы сепаратистердің "қауіпсіздік қызметі" ғимаратына шабуыл жасалды. Артынша аймақтағы ірі радио тарату бағанасы жарылды, кейін әскери қоймаға бірнеше зымыран келіп түсті. Бұл жарылыстарға қатысты тараптар түрлі ұстаным білдірді. Украина Ресейді айыптады, Молдова билігі Приднестровьедегі сепаратистердің өзара тартысы деді, Ресей билігі жағдайды бақылап отырғанын айтса, сепаратистер Украинаны айыптады.

Алайда Батыс БАҚ-тары жақын аралықта Ресей Молдовада қақтығыстар ұйымдастыруы мүмкін деген мәліметті таратты. Олар бұл ақпаратты Украина және НАТО барлаушыларының болжамдарына сүйене отырып жасаған. Молдовадағы азық-түлік бағасының күрт қымбаттауынан кейін, халықтық толқулар жасап, артынша Ресей әскері кіргізілуі мүмкін дейді олар.

Сарапшылар Ресей әскері Ил-76 ұшақтары мен тікұшақтар арқылы Приднестровьеге жеткізіліп, артынша Украинаның батысынан шабуылға шығу мүмкіндігі барын айтады. Бұл Украинаның Одесса аймағын басып алу үшін жасалмақ. Ресей әскері шығыстан Херсон аймағы арқылы, ал оңтүстіктен Қара теңіз арқылы шабуылға шығуда. Алайда Одесса қаласының қорғанысы мығып, басқыншы әскеріне жойқын қарсылық білдіруде.

Сарапшы  Джек Уотлинг пен Ник Рейнольдс Ресейдің үш мақсатты көздеп отырғанын айтады. Олар: Украина әскерінің назарын батыс бағытқа аудару және Одессаға батыстан шабуылға шығу, Молдованың еуропалық бағытын тоқтату және өзге елдерге сес көрсету.

Сарапшылар Ресей бұл әрекетін 9-мамырдан кейін бастайтынын меңзеп отыр. Ал 9-мамыр күні Ресей күштері Приднестровьеде жаппай наразылық акцияларын ұйымдастыру мүмкін екенін ескертеді.

Молдова билігі болса қандай да бір әскери қақтығысқа дайын еместігін ресми мәлімдеді. Кишиневтің әскері аз, халқы кедей, экономикасы нашар. Сондықтан Ресей тарапынан шабуыл жасалса, тез арада жеңілу қаупі бар.

Ка Мырза 

Abai.kz

21 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371