Сейсенбі, 26 Қараша 2024
2345 7 пікір 6 Мамыр, 2022 сағат 14:18

Қазақстан шетелден 640 млрд теңге қарыз алмақ

Қазақстан шетелден 640 млрд теңге қарыз алмақ. Сенат төрағасы экономикалық өсімді қамту үшін ішкі ресурстарды іздеу қажеттігін айтты , деп хабарлайды «turkystan.kz».

Мәулен Әшімбаевтың сөзінше, біздің экономика мұнайдың бағасына байланған. Бұл – дұрыс емес. Оның ойынша, бұл өз кезегінде бюджет тапшылығына әсер етеді. Ал бюджет тапшылығы салдарынан сырттан қарыз алуға тура келетін көрінеді.

«Бір жағынан, банктер экономиканы несиелендірмейді немесе жоғары пайыздық мөлшерлемемен несие бермейді. Екінші жағынан, біз халықтың ақшасы арқылы шағын орта бизнес үшін пайыздық мөлшерлемені субсидиялаймыз. Тек «Даму» қорының желісі бойынша биыл 170 миллиард теңге бөлеміз. Осылайша, біз жоғары пайыздық мөлшерлемені сақтай отырып, соны төмендетуге тағы бюджеттен жұмсап отырмыз. Әлбетте, бұл мемлекеттік органдарға да, банктерге де қолайлы. Өйткені тәуекел мен жауапкершілік аз.

Бюджет тапшылығы 3,3% деңгейінде қалып отыр. Оны толтыру үшін сырттан 640 млрд теңге алынады. Ал ішкі көздер 780 млрд-қа төмендетіледі. Сонда бір жыл ішінде тапшылық болмашы күйде ғана жабылып отыр. Бірақ бізде қаражат жоқ деп айту дұрыс емес, ішкі ресурстар бар», – деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1539
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3329
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6076