Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3331 0 пікір 2 Қараша, 2012 сағат 09:18

Қарқаралыда жаппай төбелестен кейін 5 полицей қызметінен кетті

Бес полицей Қарқаралыдағы жаппай төбелестен кейін қызметінен кетті. Бұл туралы облыстық ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы Жанатай Сембеков мәлім етті.

«Иә, шынымен де Қарқаралы ауданы ІІБ бастығы, оның орынбасары, әкімшілік полиция бөлімі бастығының орынбасары, потрульдік полиция жасағының командирі ішкі істер органдарынан қуылды. Полицейлердің қатысуымен өткен жаппай төбелестен кейін олардың бәрі қызметтерінен босатылды. Құқық қорғау органдарынан сондай-ақ Қарқаралы ауданы ІІБ учаскелік полицейінің көмекшісі де кетті», - деп мәлім етті Ж.Сембеков.

Еске сала кетейік, Қарқаралыда көлдің жағасында екі топтың арасында жанжал болған. Соның нәтижесінде жүрегінен пышақталған жеке кәсіпкерліктің жұмысшысы 35 жасар ер азамат қайтыс болды. Сондай-ақ зардап шеккен 21 жасқа дейінгі бес жігіт ауруханаға жеткізіліп, қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Төбелеске қатысқандардың ішінде оқиға орын алған күні демалыста болған бір полицей, аудандық ІІБ қызметкері де болған.

Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 96-бабы «Адам өлтіру» және ҚР ҚК 103-бабы «Ауыр дене жарақатын салу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

BNews.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 670
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2639
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1692