Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2306 0 пікір 10 Мамыр, 2022 сағат 14:59

«Алтын белгі» алу талабы күшейтіледі

«Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау ережелеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрыққа қол қойдым.Осыған дейін хабарлағанымыздай, бұйрықта «Алтын белгі» төсбелгісін алу талаптары айтарлықтай күшейтілді»,- деп жазды Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов телеграм арнасында.

Министрдің айтуынша, талаптарды күшейту туралы шешім мұғалімдердің 2021 жылғы тамыз кеңесінде қабылданған.

«Осылайша, келесі жылдан бастап 9-сыныпты аяқтап, арнайы аттестат және 10-11 сыныптардың барлық оқу тоқсаны бойынша «үздік» деген баға алған оқушылар «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер бола алады. Сондай-ақ талапкерлер НЗМ базасында математикадан емтихан тапсыруы керек. Бұл шара академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін қабылданғанын түсіну маңызды. Бұл ретте НЗМ-де емтихан тапсыратындарға да, жалпы білім беретін мектеп базасында тапсыратындарға да тапсырмалар бірдей болады»,- деді Аймағамбетов.

Министр былтыр мектеп бітірушілер «Алтын белгі» алудан рекордтық көрсеткішке жеткенін, алайда ҰБТ нәтижесі бойынша төмен бал ал алғандар болғанын атап өтті.

«Осыған байланысты үміткерлерді үздік белгісіне объективті және ашық бағалау үшін емтихандардың бірі тәуелсіз білім беру ұйымында өтеді. Биыл мектеп бітірушілер емтиханды өз мектебінде тапсырады. Сондай-ақ белгіден бас тарту туралы өтініштер жарамсыз. Талаптарға сай келетін үміткерлер белгіленген тәртіпте қорытынды аттестациядан өтеді», -дейді ол.

Министрдің хабарлауынша, жаңа нормалар келесі жылдан бастап күшіне енгенімен, биыл ҰБТ қорытындысы бойынша үздік белгісін берудің объективтілігі бағаланады екен. Бұйрықтың мәтіні ҚР Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін жарияланбақ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5398