Жексенбі, 18 Мамыр 2025
Саңлақ 4027 0 пікір 10 Мамыр, 2022 сағат 15:46

Жәнібек Әлімханұлы кіммен жұдырықтаспақ?

Промоутер Бен Шалом (боксшы) орта салмақтағы WBO титулын (72,6 келіге дейін) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) мен ұлыбританиялық Крис Юбанк (32-2, 23 КО) арасындағы жекпе-жек өткізу туралы Боб Аруммен (Топ Rank) келіссөздер жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Жекпе-жек қазіргі чемпион америкалық Деметриус Андраде жақын арада белбеуден бас тартқан жағдайда өтуі мүмкін.

Промоутерлер қазақстандықтың 21 мамырда британдық Дэнни Дигнумды жеңіп, WBO тұжырымы бойынша «уақытша» чемпион атанатынына күмәнданбаса керек. Дегенмен Шалом Юбанктың келесі қарсыласы Әлімханұлы емес, Лиам Смит (31-3-1, 18 КО) болуы мүмкін екенін де айтады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2701
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4424