Бейсенбі, 15 Қазан 2026
3464 0 пікір 11 Мамыр, 2022 сағат 14:55

АҚШ: Тәлібтерге ұшақтар қайтарылмайды

Тәжікстандағы АҚШ елшісі Джон Марк Поммершайм Ауғанстаннан Тәжікстанға ауған ұшқыштары ұшып келген тікұшақтың тағдыры жайлы Вашингтон Душанбемен келіссөз жүргізіп жатыр деп мәлімдеді.

Тәліптер Ауғанстан билігіне келгеннен кейін 18 ұшақ және тікұшақпен ауған ұшқыштары Тәжікстанға қашып келген. Тәліптер тәжік билігінен ұшақтарды қайтарыңдар деп бірнеше рет талап қойған.

АҚШ елшісі Джон Марк Поммершайм 10 мамырда баспасөз мәслихатын өткізіп, Америка бұл техникаларды "Талибан" қозғалысына бермейді деп мәлімдеді.

Мамыр айының басында Өзбекстан билігі де әуетехникаларын тәліптерге қайтару жоспарында жоқ екенін жеткізген. Себебі, бұл техникаларды кезінде Америка сыйға тартқанын айтқан. Қаңтар айында тәліптер Тәжікстан мен Өзбекстан үкіметінен 40 тікұшақты қайтаруды талап еткен.

Былтыр тамыз айында "Талибан" қозғалысы Ашраф Ғани үкіметін құлатқан соң, ауған ұшқыштары ұшақтармен Тәжікстан мен Өзбекстанға қашып кеткен. Бүгінде олар үшінші мемлекетке ұшып кеткен. Әрі қарай олар АҚШ-қа кетіп, босқын мәртебесін алады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1009
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1364