Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2337 0 пікір 7 Қараша, 2012 сағат 09:34

Жастардың талабы: Советтік белгілер мен жазулар алынып тасталсын!

"Рух пен тіл" қоғамдық-саяси ұйымы Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Білім және ғылым министрлігіне, Ақпарат және Мәдениет министрлігіне, Ұлттық ғылым академиясына Алматы қаласындағы ономастикалық жағдайға байланысты шағым хат жазыпты. Анығырақ айтқанда, жастар клубы еліміздің ғылым ордасы болып табылатын Ұлттық ғылым академиясының ғимаратының төбесінде әлі күнге дейінгі тұрған «ҚАЗАҚ ССР ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ», «АКАДЕМИЯ НАУК КАЗАХСКОЙ ССР» деген кеңес заманынан қалған жазуды және мекемеге тиесілі ғимараттардың қабырғаларында бейнеленген кеңестік елтаңба мен кеңестік нышандарды мемлекетіміздің Конституциясы мен заңдарына қайшы келетіндіктен тез арада алып тастауды талап етіп отыр.

Төменде жазылған хат мәтінін жариялап отырмыз.

«Abai.kz»

Қазақстан Республикасының премьер-министрі

Серік Нығметұлы Ахметовке

"Рух пен тіл" қоғамдық-саяси ұйымы Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Білім және ғылым министрлігіне, Ақпарат және Мәдениет министрлігіне, Ұлттық ғылым академиясына Алматы қаласындағы ономастикалық жағдайға байланысты шағым хат жазыпты. Анығырақ айтқанда, жастар клубы еліміздің ғылым ордасы болып табылатын Ұлттық ғылым академиясының ғимаратының төбесінде әлі күнге дейінгі тұрған «ҚАЗАҚ ССР ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ», «АКАДЕМИЯ НАУК КАЗАХСКОЙ ССР» деген кеңес заманынан қалған жазуды және мекемеге тиесілі ғимараттардың қабырғаларында бейнеленген кеңестік елтаңба мен кеңестік нышандарды мемлекетіміздің Конституциясы мен заңдарына қайшы келетіндіктен тез арада алып тастауды талап етіп отыр.

Төменде жазылған хат мәтінін жариялап отырмыз.

«Abai.kz»

Қазақстан Республикасының премьер-министрі

Серік Нығметұлы Ахметовке

ҚР Үкіметі жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының
төрағасы,

Мәдениет және ақпарат министрі

Дархан Қамзабекұлы Мыңбаевқа
Білім және ғылым министрі

Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұловқа,
ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті

Мұрат Жұрынов Жұрыновқа
«Рух пен тіл» қоғамдық-саяси ұйымы атынан

ШАҒЫМ

Қазақстан тәуелсіздігінің 21 жылдық белесінде әлі де кеңес заманының атаулары мен таңба-белгілерінің сақталып келе жатыр. Конституциямыз бен мемлекеттік заңдарымызға сәйкес, жауапты органдар мен өкілеттілігі бар тұлғалардың егемендігіміз бен заңдарымызға қайшы келетін жер-су, ұйым, кәсіпорын, физикалық-географиялық обьектілердің атауларын алып тастау мен транскрипциясын өзгерту шараларын қолға алмай келеді. Осының салдарынан тәуелсіз Қазақстанның кең-байтақ жерінде Ресей империясы, КСРО дәуіріндегі бұрынғы атаулар мен олардың символикалары сақталған. Мұның дәлелі ретінде Алматы қаласындағы «Шевченко көшесі, 28» мекен-жайы бойынша орналасқан «Ұлттық ғылым академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі ғимаратының төбесінде кеңес заманы кезіндегі атаулар мен таңба-белгілері орналасқанын айтуға болады.

«Рух пен тіл» қоғамдық-саяси ұйымы Ұлттық ғылым академиясының ғимаратының төбесінде, мемлекеттік Елтаңбаның жоғарғы тұсында «ҚАЗАҚ ССР ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ», «АКАДЕМИЯ НАУК КАЗАХСКОЙ ССР» жазуының және бас ғимарат қасындағы (мекеменің басқа да ғимараттарында) кеңестік символиканың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына қайшы келетінін мәлімдейді.

1. ҚР-ның Конституциясының 2-бабының 1 және 2 тармағында «1. Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. 2. Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді» деп жазылған. Ендеше, «ҚАЗАҚ ССР ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ», «АКАДЕМИЯ НАУК КАЗАХСКОЙ ССР» деген жазу және орақ пен балға, жұлдыз нышандарынан тұратын КСРО елтаңбасы ең алдымен егемендігімізді, тәуелсіздігімізді мойындамаудың бір белгісі болып табылады. Республика атауы заңды түрде Қазақстан Республикасы болғандықтан, КСРО мен Қазақ ССР-іне қатысты барлық атаулар мен нышандар алынып тасталуын тиіс. Бүгінгі таңдағы Ғылым академиясы Қазақ ССР-інде емес, Қазақстан Республикасында орналасқандықтан Қазақ ССР-нің меншігі емес, Қазақстан Республикасының меншігі болып табылады. Еліміздің ең жоғарғы заңы - Конституцияда мемлекетіміздің біртұтастылығы, бөлінбейтіндігі жазылған. Демек, біз заңға бағынып, аталмыш жазу мен елтаңбаны алып тастауымыз қажет.

2. «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 Заңының «Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң тәртібі» арнайы ережесінің 2-тармағында «Республиканың орталық және жергiлiктi атқарушы, жергiлiктi өкiлдi, сондай-ақ өзге де мемлекеттiк органдары Қазақстан Республикасының ұлттық, тарихи-географиялық ерекшелiктерiне негiзделген бiрыңғай ономастикалық саясатын жүзеге асыру жөнiндегi жұмыста осы Тәртiптi басшылыққа алады. Ол үшiн:
Қазақстан Республикасында өткен кезеңде әртүрлi субъективтi жағдайлардың әсерiмен негiзсiз өзгертiлген тарихи-географиялық топонимдер бiртiндеп қалпына келтiрiлуi керек. Жаңа атаулар ұлттық, тiлдiк ерекшелiктер, сондай-ақ географиялық, тарихи, әлеуметтiк жағдайлар ескерiлiп барып берiлуге тиiс»
делінген. Яғни, Ғылым академиясы ғимаратындағы жазу мен елтаңба бұрынғы КСРО-ның кезіндегі атау мен символика болып табылатындықтан, аталмыш ережеге сәйкес, «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» деген жаңа атауы ғана болуы тиіс.

3. ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 22 мамырдағы №550 қаулысымен бекітілген «ҚР Ұлттық ғылым академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысының 1-бөлімінің 6-тармағында «Ғылым академиясының толық атауы мемлекеттік тілде - "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі; орыс тілінде - республиканское государственное учреждение "Национальная академия наук Республики Казахстан» делінген. Демек, төбесінде «ҚАЗАҚ ССР ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ», «АКАДЕМИЯ НАУК КАЗАХСКОЙ ССР» жазуы мен КСРО-ның елтаңбасы ұйымның ішкі жарғысымен үйлеспейді. Сондықтан, ғимарат төбесіндегі жазу мен символиканы жедел түрде алып тастау қажет.

4. Іс және сөз жүзінде Кеңес Социалистік Республикалар Одағы мен Қазақ Совет Социалистік Республикасы өзінің құқықтық өмір сүруін тоқтатқандықтан, қазіргі таңда әлемде ондай мемлекеттер жоқ болғандықтан, егемен Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы ғимаратының төбесіндегі «ҚАЗАҚ ССР ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ», «АКАДЕМИЯ НАУК КАЗАХСКОЙ ССР» деген жазу және орақ пен балға, жұлдыз нышандарынан тұратын КСРО елтаңбасының бейнеленуі логикалық та, географиялық та, идеологиялық та және барлық жақтарынан қисынсыз, мемлекет ішінде өмір сүріп жатқан қазақ ұлты мен өзге этнос өкілдерінің тәуелсіз елде өмір сүруіне, еркін ойлап, сезінуіне кедергі келтіреді. Сондықтан «Рух пен тіл» қоғамдық-саяси ұйымы өкілеттілігі бар төмендегі атқарушы органдар мен лауазымды тұлғалар - ҚР Үкіметі, премьер-министр Серік Нығметұлы Ахметов, ҚР Үкіметі жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының төрағасы, Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Қамзаұлы Мыңбаев, Білім және ғылым министрі Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов, ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов Жұрынов мырзалардың аталмыш мәселеге араласып, заң аясында іс-шараларды қолға алып, тәуелсіздігімізге, ұлттық идеологиямызға, мемлекеттілігімізге қауіп төндіретін заңбұзушылық фактіні жоюды, Ұлттық ғылым академиясы ғимаратының төбесіндегі «ҚАЗАҚ ССР ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ», «АКАДЕМИЯ НАУК КАЗАХСКОЙ ССР» деген жазуын және орақ пен балға, жұлдыз нышандарынан тұратын КСРО елтаңбасының бейнесін 1 ай көлемінде алып тастауды талап етеміз. Егер қойылған талаптар орындалмайтын болса, онда «Рух пен тіл» қоғамдық-саяси ұйымы аталған заңсыздықпен күресудің басқаша тәсілдеріне көшетінін ескертеді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443