Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
1856 2 пікір 16 Мамыр, 2022 сағат 12:45

БҰҰ: Киев облысында мыңдаған мәйіт табылды

Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқықтары жөніндегі кеңесі Ресей әскері Киев облысынан кеткен соң бұл аймақта мыңдаған мәйіт табылғанын хабарлады. Кеңес мұны әскери қылмыс деп есептейді.

БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Мишель Бачелет Ресей әскері Украинаның Киев облысынан кеткен соң мұнда мыңдаған мәйіт табылғанын, бұл жағдайды әскери қылмысқа жатқызуға болатынын мәлімдеді. "Киевтің солтүстігіндегі аудандардың тұрғындарын жаппай қырғанын қоса есептесек, қырынға ұшыраған аймақтар көп екені шошытады", - деді Бачелет кеңесте дауыс беру қарсаңында жасаған баяндамасында.

Кеңесте Ресей әскерінің Киев облысындағы елді мекендер мен қалаларды басып алғанда болған оқиғаларды халықаралық тергеу мәселесі талқыланды.

Киев облысы Ресей басқыншыларынан азат етілген соң, 2 сәуірде қалалар мен ауылдарда бейбіт тұрғындардың мәйіті көптеп табыла бастады. Астана түбіндегі Буча қаласында кем дегенде 400 адамды өлтіргені анықталды.

Мәскеу Украинада бейбіт тұрғындарды жаппай қырған дегенді жоққа шығарып отыр.

Алайда Ресей әскерилерінің бейбіт тұрғындарды жаппай қырғаны құжаттар мен куәгер сөзімен ғана емес, спутниктен түсірілген суреттермен және бейнебақылау камераларымен де расталып отыр.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1555
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3351
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6223