Жексенбі, 27 Қыркүйек 2026
3058 1 пікір 17 Мамыр, 2022 сағат 14:53

Киевте Леонид Кравчукті жерлеу рәсімі өтті

Киевте тәуелсіз Украинаның тұңғыш президенті Леонид Кравчукпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр. Леонид Макарович 10 мамыр күні кешке Мюнхенде қайтыс болған еді.  

Ол жүрек-қан тамыр жүйесінің ұзаққа созылған ауруынан 89 жасқа қараған шағында көз жұмды. Ал, бір апта бұрын Беловеж келісіміне қол қойған тағы бір саяси қайраткер Станислав Шушкевич өмірден өткен болатын.

Айта кетейік, Леонид Макарович Кравчук 1991 жылы 8 желтоқсанда Украина атынан Ресей Федерациясының Президенті Борис Ельцинмен және Беларусь Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Станислав Шушкевичпен бірге КСРО-ның ыдырауы туралы Беловеж келісіміне қол қойды.

Бұл тарихи құжат Одақ аясындағы 15 мемлекеттің Тәуелсіздік алуына жол ашты.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1527
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3146
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1141
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1055