Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2978 0 пікір 8 Қараша, 2012 сағат 07:00

Арқалықта Ахаңның ескерткіші ашылды

Арқалық  қаласы қазір қайтадан абаттанып, ажарланып  келеді. Таяуда  қала    төрінен ұлт ұстазы, Алаш ардагерлерінің ағасы - Ахмет  Байтұрсыновқа  ескерткіш орнатылды.  Ескерткіштің  бой көтеруіне  қаржылай  қолдау  көрсеткен  жергілікті  «Альюминқұрылыс» ЖШС  бас директоры,  «Құрмет» орденінің  иегері,  «Арқалық  қаласының  құрметті  азаматы» - Абай  Мұқанов.  Ескерткішті  Амангелді  Иманов, Ыбырай  Алтынсарин   секілді  көптеген  тұлғалардың  бюстін  сомдаған- Әбілбек  Ұзақов  жасады.  Биылғы  жылы  Ахмет  Байтұрсынов  көшесіне  асфальт  төселіп, жол  күрделі  жөндеуден  өтті. Ескерткіш  маңындағы  субүркек    іске  қосылып,  орындықтар  мен  жарық  бағаналар  орнатылды.  Ескерткіштің   салтанатты  ашылу  шарас Алматы  қаласынан «Қазақ» газеті  мен  «АйҚАП» журналының  бас редакторы  Қоғабай  Сәрсекеев  пен  қостанайдан   ҚР Мәдениет қайраткері  Нағашыбай  Мұқатов  келіп, Ахаң  жайлы   ғибыратты әңгімелер  айтып, қала халқын  төл мерекелерімен  құттықтады. Қала  әкімі  Берік  Әбдіғалиұлы  қаланың  экономикалық,әлеуметтік  дамуына, көркеюіне  үлестерін  қосып жүрген  бірсыпыра  азаматтарды  арнайы  «алғыс хатпен»  марапаттады.

«Masa.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502