Сенбі, 23 Қараша 2024
2639 2 пікір 25 Мамыр, 2022 сағат 20:32

«Қытай өзгенің жерін басып алуды қалыпты жағдай санап отыр»

Украина президенті Владимир Зеленский жапондық NRK басылымына берген сұхбатында «Қытай Ресейдің Киевке қарсы агрессиясына батыс елдеріндей жауап қатпады», - деді.

Зеленский Ресейді өзге елдің аумағына ойран салғаны үшін жауапқа тартылуы керектігін айтты.

«Қытай өзгенің жерін басып алуды қалыпты жағдай санап отыр»,-деді Украина президенті. Сондай-ақ ол Қытай мен Ресей «бірігуінің» дұрыс емес екенін, мұның Жапония үшін қауіпті боларын атап өтті.

"Біз үшін Жапонияның Украинаны толық қолдағаны керек. Қазір төрт жақты қауіпсіздік диалогы аясында Жапония, АҚШ, Австралия және Үндістанның ұйымдасқаны маңызды, бұл басқа елдерге белгі берер еді ",-деді Зеленский.

Айта кетейік, ресейлік және қытайлық стратегиялық бомбалаушылар Ресейдің Украинаға шабуылынан кейінгі бірлескен рейсін өткізді. Ядролық қаруды алып жүруге арналған ұшақтар оқ бойы көтеріліп, Жапон және Шығыс Қытай теңіздерінің үстінен ұшып өтті. Бұл АҚШ президенті Джо Байденнің Австралия, Жапония және Үндістан басшыларымен төрт жақты қауіпсіздік диалогын жүргізуге бет алған сапары кезінде болды.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371