Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2598 0 пікір 26 Мамыр, 2022 сағат 13:23

Қостанай: референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штабтың көшпелі отырысы өтті

5 маусымда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар қабылдау бойынша жалпыұлттық Референдум өтетіні белгілі.

Бұл шараның саяси маңыздылығын насихаттау мақсатында Тобыл-Торғай өңірінде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстары мәслихаттарының хатшылары мен өңірлік штаб басшыларының көшпелі бас қосуы өтті.

Көшпелі отырысқа облыстың қоғамдық кеңесінің мүшелері, мәслихат депутаттары, кәсіподақтар, ардагерлер ұйымы, саяси партиялар, басқа да үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Мәжілісті ашқан Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы Сайлаубек Ещанов кездесудің мақсаты референдумды қолдау болып табылатындығы және бұндай формат халық билігінің жарқын үлгісі, әрбір қазақстандық өзінің азаматтық ұстанымын білдіре отырып, жаңа Қазақстанды құруға тікелей үлес қосатынына үлгі болатынын атап өтті.

Кездесудің модераторы референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штабтың және «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеубек Мұқашев болды.

Отырысты жалғастыра отырып, Төлеубек Мұқашев «Референдум – халық  билігінің жарқын үлгісі, әрбір қазақстандықтың өзінің азаматтық ұстанымын білдіре отырып, жаңа Қазақстанды құруға тікелей үлес қосуының айқын мысалы. Мемлекет басшысының Жаңа Қазақстанды, референдум өткізумен қатар Екінші республиканы құру туралы идеясының басталуы – тарихи оқиға. Өйткені, бұл 27 жылдың ішінде өтіп жатқан екінші Референдум. Бұрын Конституцияға өзгерістер талқыланып, Парламентке енгізілді. Референдумның тарихи маңызы – бұл жалпы ұлттың тағдырына қатысты мәселелерді халықтың талқылауына шығару, демократияның негіздерін бекіту, оның мемлекеттік билікке тікелей қатысуын қамтамасыз ету».

Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы Ернуар Айткенов ақпараттық-түсіндіру жұмыстары басталғаннан бері Павлодар облысының барлық деңгейдегі депутаттары 50 мыңға жуық адамды қамти отырып, 300-ден астам кездесу мен іс-шара өткізгенін баяндады.

Ақмола облысы бойынша референдум жөніндегі өңірлік штаб төрағасы Ерлан Закирьянов өз сөзінде халықпен кездесу кезінде тұрғындар арасында Президент өкілеттігін қысқарту, Парламент пен мәслихаттардың рөлін күшейту, азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуын кеңейту мәселелері ерекше қызығушылық тудыратынын атап өтті.

Референдум өткізу бойынша ел азаматтарының алдына қойылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің бастамасымен ел көлемінде және өңірлерде қоғамдық штаб құрылды.

Референдумды қоғамдық қолдау штабының мүшелері Қостанай облысында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Халықтың барлық топтарын қамтитын ауқымды іс-шаралар өзгерістерді жаппай қолдаудың дәлелі болып табылады.

Мәслихат депутаттары, зиялы қауым, азаматтық сектор, этномәдени бірлестіктер өкілдері, мәдениет және спорт қайраткерлері, жастар ұйымдары күн сайын қалалар мен аудандарда, еңбек ұжымдарында, шалғайдағы ауылдық елді мекендерде халықпен кездесулер өткізеді, жеке мәселелер бойынша қабылдаулар өткізеді. Негізгі міндет-әрбір үйге, әрбір тұрғынға ақпараттық түсіндіруді қамтамасыз ету.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366