Жұма, 11 Қазан 2024
2010 0 пікір 26 Мамыр, 2022 сағат 13:50

Google Ресейдегі кейбір серверлерін өшірді

Google Ресейдегі Google Global Cache серверін өшіретінін ескертті, - деп хабарлайды РИА Новости.

Портал мәліметінше, Ресейдегі кейбір интернет-провайдерлер Google-дан іздеу жүйесі қызметтерін тездететін серверлерді өшіретіні туралы хабарлама алған.

"Google бірнеше ресейлік провайдерлерге Google қызметтерін, соның ішінде YouTube мазмұнын жүктеуді жеделдету үшін пайдаланылатын Google Global Cache серверлеріне техникалық қызмет көрсету келісімшарттарын бұзу туралы айтты", - делінген материалда.

Серверлердің өшірілуі туралы Telegram-да "Ордерком" заң компаниясының басшысы Дмитрий Галушко да жазды. Оның айтуынша, бірнеше провайдер, соның ішінде Орынбор "радиобайланысы" хабарлама алған.

Abai.kz

0 пікір