Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 1816 0 пікір 30 Мамыр, 2022 сағат 13:52

Семейлік жас әнші Түркиядан жүлделі оралды

Қазақ елінің өнерпаз оқушылары Халықаралық түрлі өнер байқауларында топ жарып маңдайлары жарқырап жүргені жасырын емес. Таяуда 17-22 мамыр аралығында бауырлас түрік еліндегі Стамбұл маңында  ІІ Түркия-Айбалық Халықаралық би және муызка фестиваліне алаш жұртынан қырық шақты өнерлі балалар қатысқан болатын. Солардың арасында семейлік қаршадай әнші Ырысгүл Қайратбекте бартын. Ырысгүл осы байрақты өнер бәсінде өз тыңдармандарын «Қазағымсың» және «Tears of gold» әндерін нақышына келтіріп орындауымен тәнті ете білді. Әділқазылар алқасының ұйғарымымен ІІ Түркия-Айбалық Халықаралық би және муызка фестивалінің І орнын иеленді. Жас өнерпазға сонымен бірге Гүржістанның Батуми қаласындағы «ArtBatumi» жолдамасы бұйырды.

Халықаралық және республикалық додалы жарыстарда жүлделі орындардан көрініп жүрген 11 жасар Ырысгүл Серікқызы Қайратбек – 23 мектептің 4 а сыныбының шәкірті ән падишасы Әміренің ізбасары ретінде өзін танытып жүрген өнері балапан. Жезтаңдай жас әнші 2020 жылдан бері Гаухар Аримбекқызының жетекшілігімен қалалық Латиф Хамиди атындағы №1 балалар музыка мектебінің фотепьяно тобының 2-сыныбында тәлім алуда.

Ұстазы Гаухар Аримбекқызының айтуынша Ырысгүлдіңі әкесі – Серік те, анасы – Гүлмарал да өнер десе ішкен асын жерге қоятын ән-жырлы отбасы екен. Қуанышты әке Серік Қайратбекұлы «Қызымының биік белестерден көріне бастауына алғашқы ән әліппесін танытқан мектеп музыка пәнінің мұғалімі Шахинұр Оралханқызының орны бір бөлек, баламыз өз таңдауын жасап, түрлі жарыстарда топ жара бастады» дейді.

Өнерсүйер Семей жұрты тағы бір рет Розадан кейінгі жас дарынның жұлдызының жарқырауына куә болды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322