Бейсенбі, 15 Қазан 2026
3610 0 пікір 30 Мамыр, 2022 сағат 14:16

Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары ұсталды

Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі ресми Telegram арнасында жариялады.

«Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Түлкібас ауданы әкімінің орынбасарына қатысты жеңімпаз деп тануға қолдау көрсеткені және Мемлекеттік сатып алу шартын жасасқаны үшін құрылыс компаниясының директорынан 4 миллион теңге сомасында делдал арқылы пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Күдікті тұлғалар ұсталып, Түркістан қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды»,-деп жазды Агенттік.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері 50 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінген болатын.

 

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1008
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1362