Назарбаевтар әулеті Арабия азаматтығын алған ба?
Жуырда ulysmedia.kz сайты аталған сұрақ төңірегінде: «Елбасы БАӘ-ке кетті ме?» атты мақала жариялапты.
Онда Біріккен Араб әмірліктерінің Әділет министрі Сұлтан Авад ән-Нуайми-дің Қазақстанның экс-президенті мен оның отбасы мүшелеріне БАӘ азаматтығын беру туралы сөзіне екпін бере жазыпты.
БАӘ Әділет министрі: «Бұл азаматтар бір паспорт үшін 1 млрд доллар төлеуге әзір. Мұндай адамдар біздің елімізде өмір сүруге лайықты деп есептеймін», - депті-мыс.
«Былтырғы жылдың қыркүйегінен бері БАӘ Әділет министрі лауазымын аталған адам атқарып келеді. Бірақ, оның есімі – Абдулла емес,Абдолла.
Ал БАӘ Конституциясының азаматтық туралы заңына өзгертулер былтырғы жылдың аяғында енгізілген. Азаматтық алуға үміттілер бірнеше талапты орындауы тиіс.
Егер мәселе ақша туралы болса, инвесторлар БАӘ аумағында жылжымайтын мүлік және БАӘ Экономика министрлігі мақұлдаған патент алуы тиіс.
БАӘ мұғалімдерді, инжинерлерді, дәрігерлерді, ғалымдар мен өнер иелерін қабылдауға дайын. Бірақ, олар өздерінің саласында 10 жылдан кем жұмыс өтілі және халықаралық марапаттары болуы тиіс», - деп жазыпты.
«Ulysmedia.kz» сайытының жеке сұраувна ҚР Сыртқы істер министрлігі жауап беріпті. Бұл мәселеге қатысты хабарсыз екендіктерін айтып, ҚР Заңдары бойынша қос азаматтыққа жол жоқ екенін еске салған. Сондай-ақ, Назарбаевтың елден кеткен-кетпегендігін Көші-қон полициясынан сұрауға кеңес беріпті.
Айта кетейік, «Қаралы қаңтар» оқиғасынан кейін Назарбаев әулетінің бірқатар мүшелері Біріккен Араб әмірліктеріне көш бұрғаны туралы оқтын-оқтын айтылып, жазылып жүр. Ал Нұрсұльтан Назарбаевтың өзі Қазақстанда екенін айтып, Елордада бірнеше кездесу өткізген.
Abai.kz