Жұма, 22 Қараша 2024
3323 11 пікір 31 Мамыр, 2022 сағат 14:15

Ақжарқын Тұрлыбай елге қайтарылмайтын болды

Қытай түрмесінде жазасын өтеп жатқан қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбай елге қайтарылмайтын болды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы мәлімдеді.

«2020 жылдың 19 қазанында Бас прокуратураға сотты болған Ақжарқын Тұрлыбайдың өзін Қазақстанға ауыстыру туралы жазбаша өтінімі түскен болатын. Сол күні-ақ Қытай тарабына тиісті сауал жолданды. ҚХР Әділет министрлігінің 2021 жылғы 3 наурыздағы жауабына сәйкес, Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға ауыстырудан бас тартылған. Оның шартты түрде мерзімінен бұрын босату құқығынсыз өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілгенін ескеріп, осындай шешім қабылданғаны айтылған», - деп жазылған Бас прокуратураның мәліметінде.

Дегенмен Бас прокуратура өкілдері әлі де болса үміт үзуге болмайтынын ескертеді.

«Алайда Қазақстан тарабы Тұрлыбайдың елге қайтарылуынан үмітін үзбейді. Қытай соты оның жаза мерзімін қысқартып, нақты жылдарды атап белгілесе елге қайтару мүмкін болады», - деп жазды Бас прокуратура.

Айта кетейік, биыл Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов оның Қазақстанға қайтарылуы мүмкін екенін айтқан еді.

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321