Қазақстанның ең ықпалды 30 интеллектуалы
XVII ғасырдың атақты ғалымы Блез Паскальдың сөзі бар емес пе, "Қазіргі Франциядан 300 интеллектуал кетіп қалса, Франция құрдымға кетеді" - деген. Сол сияқты Қазақстанның да өзіне тән коғамының айтулы коғам қайраткерлері мен пікір қалыптастырушы интеллектуалды тұлғалары бар. Айқап редакциясының талдау-сараптау орталығы 100 шақты профессор, коғам қайраткерлері, шенеуніктер, журналистер, кәсіпкерлер және ғаламтор қауымына сауалнама жасап - Қазакстанның ең ықпалды 30 интеллектуалдарының тізімін ұсынып отыр. Сауалнама методологиясын 3 жақты қарастырдық. Алдымен тұлғаның билікке ықпалын, яғни оның ісі мен сөзі билік шешімдеріне каншалыкты ықпал етеді, екіншіден, тұлғаның коғамға, әлеуметке және қарапайым халыққа ықпалы, үшіншіден, тұлғаның ғаламторға ықпалы. Ғаламторды қазіргі заманның ең ықпалды ақпараттық құралы деп есептесек, тұлғалардың ғаламторға ықпалы қоғамда үлкен рөл ойнайды.
Еліміздегі пікір қалыптастырушылардың ықпалын 3 жақты 10 баллмен есептедік. Барлығы 30 адам. Есептеу қорытындысы бойыншы 30 тұлғаның қорытынды ұпайы 406. Яғни барлығы 900 баллдың 45% пайызын жинаған. Бұл дегеніңіз, пайымдауымызша, біздің интеллектуалдар белгілі бір ықпал ету үшін өз мүмкіндіктерінің тек қана 45% ғана жүзеге асырады. Қалған мүмкіншіліктер әр-түрлі индивидуалды себептерге байланысты жүзеге асырылмайды.
Оған мынадай себептер бар:
XVII ғасырдың атақты ғалымы Блез Паскальдың сөзі бар емес пе, "Қазіргі Франциядан 300 интеллектуал кетіп қалса, Франция құрдымға кетеді" - деген. Сол сияқты Қазақстанның да өзіне тән коғамының айтулы коғам қайраткерлері мен пікір қалыптастырушы интеллектуалды тұлғалары бар. Айқап редакциясының талдау-сараптау орталығы 100 шақты профессор, коғам қайраткерлері, шенеуніктер, журналистер, кәсіпкерлер және ғаламтор қауымына сауалнама жасап - Қазакстанның ең ықпалды 30 интеллектуалдарының тізімін ұсынып отыр. Сауалнама методологиясын 3 жақты қарастырдық. Алдымен тұлғаның билікке ықпалын, яғни оның ісі мен сөзі билік шешімдеріне каншалыкты ықпал етеді, екіншіден, тұлғаның коғамға, әлеуметке және қарапайым халыққа ықпалы, үшіншіден, тұлғаның ғаламторға ықпалы. Ғаламторды қазіргі заманның ең ықпалды ақпараттық құралы деп есептесек, тұлғалардың ғаламторға ықпалы қоғамда үлкен рөл ойнайды.
Еліміздегі пікір қалыптастырушылардың ықпалын 3 жақты 10 баллмен есептедік. Барлығы 30 адам. Есептеу қорытындысы бойыншы 30 тұлғаның қорытынды ұпайы 406. Яғни барлығы 900 баллдың 45% пайызын жинаған. Бұл дегеніңіз, пайымдауымызша, біздің интеллектуалдар белгілі бір ықпал ету үшін өз мүмкіндіктерінің тек қана 45% ғана жүзеге асырады. Қалған мүмкіншіліктер әр-түрлі индивидуалды себептерге байланысты жүзеге асырылмайды.
Оған мынадай себептер бар:
1) Саяси ықпал немесе сөз бостандығының белгілі-бір межеде шектеулі болуы.
2) Тұлғаның кызметі.
3) Тұлғаның жас мөлшері
4) Тұлғаның технологиялық мүмкіншіліктері.
5) Басқа себептер
Сауалнама барысында тек қана ықпал ету өлшемі ғана алынды, демек, интеллектуалды тұлғалардың интеллектуалды өрісі немесе коғамдағы орнына салыстырмалы мән берілген жоқ.
Сауалнама қорытындысы бойыншы, қазіргі уақытта ең ықпалды интеллектуалды тұлға Ерлан Қарин болып табылып отыр. Сауалнама жауаптары және Айқап редакциясының көзқарасы бойынша Ерлан Қариннің интеллектуалды белсенділігі өте жоғары, сонымен қатар қоғамдағы және биліктегі ықпалы да басым болып отыр. Бір жағынан, көшбасшы партияның бас хатшы қызметі де Ерлан Қаринге салыстырмалы түрде ықпал етуге көп мүмкіндік беріп отыр. Өз мүмкіндігін белсенділікпен қолданып, екінші орынды иеленіп отырған бұл - ақын, коғам қайраткері Мұхтар Шаханов. Жас шамасына қарамастан ақынның саяси белсенділігі жоғары, соған байланысты ықпалы да өзгелерге қарағанда басым. 3-ші орында саясаткер және Президент кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаевтың тұруы оның билік тетіктерін кең пайдалана алу мүмкіндігінде. Ертісбаевтың Президентке жақындығы, оның саяси сахнадағы белсенділігі, ғаламтордағы ықпалы оны 3-ші орынға шығарып тұр.
4-ші орынды соңғы кезде министрлерді сұрақ-жауап астында қалдыруды әдетке айналдырған Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева алса, 5-ші орынға Мемлекет хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед жайғасты. 6-7 орындарда журналистика саласы арқылы ғаламторға және телеарна қауымына жойқын ықпал жасап жүрген Гүлжан Ерғалиева мен Артур Платонов тұр. 7-ші орынды қалың бұқараға танымал "Жас Алаш" газетінің бас редакторы Рысбек Сарсенбайұлы алса, 8-ші орында коғамға үлкен ықпал етіп жүрген «Абай» ақпарат порталының басы-қасында жүрген саясаттанушы Айдос Сарым ықпалды интеллектуал болып танылды.
9-шы орында белгілі экономист, Кедендік Одақ саясатының жүйелі қарсыласы Мұхтар Тайжан, ал 11, 12, 13, 14-ші орындарда журналистер, "Айқын" газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп, тәуелсіз журналист Сергей Дуванов, "Абай.кз" ақпарат порталының бас редакторы Дәурен Қуат, орыс тілді қоғам арасында ерекше беделге ие "Взгляд" газетінің бас редакторы Игорь Винявский ықпалды болып танылып отыр. Келесі орында коғамға ғылым тарапынан ықпал етіп, түрлі көркемфильмдер мен деректі фильмдердің кеңесшісі болып жүрген белгілі ғалым-тарихшы Мәмбет Қойгелді болса, 16 орында бүкіл Қазақстан қоғамына жан-жақты ықпал ету мүмкіндігіне ие белгілі жазушы, қоғам қайраткері Герольд Бельгер жайғасты.
"Саясаттан пайда жоқ, ғылым қуып, шәкірт тәрбиелеймін" - деп анда-санда республикалық басылымдардан сөз айтып тұратын әлемдік деңгейдегі ғалым Асқар Жұмаділдаевтың ықпалы студенттер мен ғалымдар арасында жоғары. Шыңғыс Айтматовтың Францияда сабақ беріп жүрген Асқар мырзаны көріп қалып: "Қазаққа сабақ берген французды көргенмін, бірақ француздарға сабақ беріп тұрған қазақты алғаш көруім" дегені қоғам ойына дәлме-дәл келіп тұр. Яғни Асқар Жұмаділдаевтың ғылыми қоғам алдындағы беделі - оның ықпалдығының бірде-бір себебі. Интеллектуалды қабілеті мен шығармашылық қабілетін қос қанатындай ұстайтын Ермек Тұрсыновтың кинокөрерменге тигізер ықпалы, оның осы тізімде 18-ші орын алуына мүмкіндік берді. Ғарифолла Есім Сенаттағы орнымен, ғылыми ортадағы беделі һәм тәрбиелеген шәкірттерімен қоғамға ықпалы болса, 20-шы орында Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев ықпалды болып танылды. 21-ші орында соңғы кезде журналистиканың қыр-сырын пайдаланып сапалы шығармашылық өнімдерімен танылып жүрген Геннадий Бендицкий, 22-ші орында белгілі саясаттанушы Досым Сатпаев, 23-ші орында сонау Чехиядан шығармашылығы арқылы "өзін түсінбеген" коғамға сәлем жолдап тұратын Мұхтар Мағауин, 24-ші орында "Алашордатануға" орасан зор үлес қосқан ғалым, пікір қалыптастырушы, жаңа заманғы ағартушы Тұрсын Жұртбай, 25-ші орынды - жазушы, саяси аренада сөз сөйлеп, ел мүддесін қорғап жүрген Қабдеш Жұмаділов, 26-шы орынды Абайды қазаққа танытуда шексіз үлес қосқан белгілі ғалым, публицист, пікір қалыптастырушы Мекемтас Мырзахметов, 27-ші орынды кино өнерінің майталман шебері, келешегі зор режиссер, өз саласының үздігі, қоғамға кино арқылы ықпал етіп жүрген Ахан Сатаев, 28-ші орынды, жасына қарамастан елдік мүддеге келгенде аянып қалмайтын қоғам қайраткері Мұрат Әуезов, 29-шы орынды өз саласының көшбасшысы, «Кока-кола» продукциясын халық мүддесі үшін Қазақ тағамтану Академиясының атынан мақұлдамай аты шыққан, ғалым Төрегелді Шарманов иеленді. Соңғы 30-шы орынды иеленген адам турасында бір жақты пікірталас шықпайтыны бізге анық. Десек те, бас бостандығынан айырылған Мұхтар Жәкішев мырзаның интеллектуалды қабілеті қоғамға жақсы белгілі. Осынау басына күн түскен заманда Мұхтар Жәкішев замануи ғылымнан шет қалып қоймайтыны, елі үшін оңашада Шәкәрім айтқандай "жоба ойлайтыны" - оның коғамдағы ықпалын тек арттыра түспек.
"Айқап" ақпараттар порталының талдау-сараптау орталығы.
№ | Тұлға | Қызметі | Билікке ықпалы | Қоғамға ықпалы | Ғаламторға ықпалы | Қорытынды |
1 | Ерлан Қарин | Нұр Отан ХДП-ның хатшысы | 10 | 8 | 7 | 25 |
2 | Мұхтар Шаханов | Ақын, қоғам қайраткері | 5 | 10 | 9 | 24 |
3 | Ермұхамет Ертісбаев | ҚР Президентінің кеңесшісі, саясаткер | 10 | 6 | 7 | 23 |
4 | Дариға Назарбаева | Мәжіліс депутаты | 10 | 6 | 5 | 21 |
5 | Мұхтар Құл-Мұхаммед | ҚР Мемлекеттік хатшысы | 10 | 7 | 3 | 20 |
6 | Гүлжан Ерғалиева | guljan.org порталының бас редакторы | 6 | 5 | 9 | 20 |
7 | Артур Платонов | Тележурналист, "Слуги народа" жобасының авторы | 7 | 7 | 5 | 19 |
8 | Рысбек Сарсенбай | "Жас Алаш" газетінің бас редакторы | 5 | 7 | 6 | 18 |
9 | Айдос Сарым | Cаясаттанушы | 4 | 6 | 7 | 17 |
10 | Мұхтар Тайжан | Экономист, саясаткер | 4 | 4 | 8 | 16 |
11 | Нұртөре Жүсіп | «Айқын» газетінің бас редакторы | 6 | 6 | 3 | 15 |
12 | Сергей Дуванов | Тәуелсіз журналист | 3 | 6 | 5 | 14 |
13 | Дәурен Қуат | Аbai.kz порталының бас редакторы | 1 | 5 | 8 | 14 |
14 | Игорь Винявский | "Взгляд" газетінің бас редакторы | 2 | 7 | 5 | 14 |
15 | Мәмбет Қойгелді | Ғалым, тарихшы, қоғам қайраткері | 3 | 7 | 2 | 12 |
16 | Герольд Бельгер | Жазушы, қоғам қайраткері | 3 | 7 | 2 | 12 |
17 | Асқар Жұмаділдаев | Академик, қоғам қайраткері | 2 | 8 | 2 | 12 |
18 | Ермек Тұрсынов | кинорежиссер, жазушы | 3 | 7 | 2 | 12 |
19 | Ғарифолла Есім | Ғалым, Парламент Cенатының депутаты | 5 | 4 | 2 | 11 |
20 | Сейтказы Матаев | ҚР Журналисттер одағының төрағасы | 3 | 5 | 2 | 10 |
21 | Геннадий Бендицкий | Журналист | 2 | 5 | 3 | 10 |
22 | Досым Сәтпаев | Cаясаттанушы | 2 | 5 | 2 | 9 |
23 | Мұхтар Мағауин | Жазушы | 2 | 5 | 1 | 8 |
24 | Тұрсын Жұртбай | Жазушы, ғалым | 1 | 5 | 2 | 8 |
25 | Қабдеш Жұмаділов | Жазушы | 2 | 5 | 1 | 8 |
26 | Мекемтас Мырзахметов | Жазушы, ғалым | 1 | 5 | 1 | 7 |
27 | Ахан Сатаев | кинорежиссер | 1 | 4 | 2 | 7 |
28 | Мұрат Әуезов | Ғалым, қоғам қайраткері | 2 | 4 | 1 | 7 |
29 | Төрегелді Шарманов | ҚР Тағамтану академиясының президенті | 2 | 4 | 1 | 7 |
30 | Мұхтар Жәкішев | Өнеркәсіпші, "Қазатомпром" - экс-басшысы | 2 | 2 | 2 | 6 |
aikap.kz