Жұма, 11 Қазан 2024
2497 0 пікір 3 Маусым, 2022 сағат 13:46

"Қазақавтожол" компаниясының бас директоры тағайындалды

"Қазақавтожол" ЖШС бас директорының қызметіне Ғилымов Самат Қуанышұлы тағайындалды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлімдеген.

Самат Қуанышұлы еңбек жолын Қосшағыл Гурьев облысы совхозының қарапайым слесарінің қызметінен бастаған.
Әр жылдары өндірістік және мемлекеттік салада басқарушы қызметтерді атқарды, соның ішінде Қазақстан Республикасының салық полициясының органдарында қызмет, "Қазмұнайгаз" Барлау Өндіру" АҚ-ның "Ембімұнайгаз" филиалының аппарат басшысы-директор орынбасары, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігінде Көліктік бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша: инспекцияның басшысы, "Каспий" ауданаралық көліктік бақылау инспекциясының бастығы және көліктік бақылау комитетінің басшысы, Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі көлік комитетінің төрағасының орынбасары қызметтерінде болды.

Бұған дейін Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

 

Abai.kz

0 пікір