Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2789 0 пікір 19 Мамыр, 2009 сағат 13:47

Үш жасар баланы өлтірген үлкендердің қатігездігі полицияға да жаға ұстатты

Заманның беталысы ауырлап бара жатыр ма, бүгінде небір сұмдық қылмыстар көрініс бере бастады. Жақында Кербұлақ аудандық ІІБ қызметкерлері өз еріктерімен асырап алған кішкене сәбиді асқан жауыздықпен өлтіріп, жасырын жерлеп тастаған ата-ананың қылмысын әшкереледі.

Заманның беталысы ауырлап бара жатыр ма, бүгінде небір сұмдық қылмыстар көрініс бере бастады. Жақында Кербұлақ аудандық ІІБ қызметкерлері өз еріктерімен асырап алған кішкене сәбиді асқан жауыздықпен өлтіріп, жасырын жерлеп тастаған ата-ананың қылмысын әшкереледі.
Наурыз айының 16-сы күні аудандық полицияның кезекші бөліміне Сарыбастау аулының маңындағы Жыланды қыстауында кішкене баланың өлтірілгені туралы жедел хабар келіп түседі. Дереу жолға шыққан жедел қызметкерлер оқиға болды деген жерге барысымен келіп түскен ақпараттың ақиқаттығына көз жеткізген. Кербұлақ аудандық ІІБ қызметкерлерінің анықтауы бойынша  наурыз айының алғашқы күндерінің бірінде кәмелетке толмаған Қуандық атты баланы асырап алған өгей әке-шешесі жауыздықпен  өлтіреді. Үш жасына дейінгі тірлігінде ересектер тарапынан қамқорлық емес қорлық қана көріп, ақыры ана сүтінің дәмін сезбеген күйі кісі қолынан о дүниелік болған балдырған 2006 жылы Ескелді аудандық ауруханасы жанындағы перзентханада дүниеге келген екен. Анасы бірден бас тартқан сәбиді көкек шешенің ағасы мен оның некесіз тұрып жатқан әйелі асырап алады. Алайда, екеуі де өгей балаға дұрыс қарамаған. Оны өздерінің қамсыз тірліктеріне кедергі ретінде қабылдаған. Жылдар бойы өзара ұрсысып, әсіресе, арақ ішкен кездерінде баланы асырап алғандықтарын бір-бірінен көретін олардың арасындағы жанжалдың бірінің соңында нағашы ағасы әлі ештеңені түсінбейтін сәбидің мойынына арқан салып, ештеңенің байыбына бармаған балапанды аттың құйрығына байлап жібереді. Ол қазіргі кезде барлығын мейірімсіз әйелге жауып, бармағын тістеген кейіп байқатып отырған көрінеді.
Осылайша қорғансыз сәбиіге қарсы аса қатегіздікпен істелген қылмыстың беті ашылып, күдіктілер қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасуда. Дегенмен, екі бірдей ауданның денсаулық сақтау саласындағылар, балалар құқығын қорғайтындар, ең аяғы әкімдіктегілер үш жыл бойы арақкеш асыраушылардан қорлық көрген сәбидің тағдырына дер кезінде назар аудармағы, араласпағаны қалай, оларға сәбиді асырап алуға рұқсат бергендер қайда қараған деген сауалдардың барлығымызды мазалайтыны рас. Бізде әр аудан бойынша жұмыс жүргізетін түрлі комиссияларды қоса алғанда кәмелетке толмағандар құқын қорғауға, олардың денсаулығы мен тұрмысының дұрыс болуын қадағалауға және қамтамасыз етуге тиісті органдар жетерлік. Бірақ ондағылар осындай адамға жаға ұстатар оқиғалардан соң ғана сандарын соғып, бірін-бірі кінәлап жатады. Ал Қуандық бүлдіршін  болса қып-қысқа ғұмырында қуаныштың не екенін білместен өкініштің не екенін түсінбестен өмірден өтіп кетті.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5498