Осылай деп білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
Ол бірнеше тілді білу артықшылық екенін, бірақ бастауыш сыныптарға келгенде, зерттеулер жүргізгеннен кейін бірінші сынып оқушысы үшін бірден 3 тілді меңгеру қиынға соғатынына көз жеткізгенін айтады.
"Мәселе дидактика мен физиологияда. Біз бұл мәселе бойынша шешім қабылдадық және бірінші сыныпта қазақ тілінде оқытатын мектептерде бала бір ғана тілді – қазақ тілін меңгеруі, яғни алдымен өз ана тілінде оқу мен жазуды меңгеруі үшін жұмыс істеп жатырмыз. Екінші сыныпта бағдарламаға орыс тілі, үшінші сыныпта ағылшын тілі қосылады. Орыс тілінде оқытатын мектептерге келсек, 1-сыныпта орыс және мемлекеттік тілдер, 3-сыныптан бастап ағылшын тілі болады. Әдістемелік тұрғыдан алғанда бұл орынды, мұндай зерттеулер мен ұсыныстар жасалып қойған, сондықтан біз оны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз", - деді министр.
Abai.kz