Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1915 3 пікір 7 Маусым, 2022 сағат 14:04

Латвияда Ресейлік арналарға тыйым салынды

Латвияда Электронды БАҚ жөніндегі ұлттық кеңес Ресейдің 80 телеарнасының көрсетілуіне тыйым салды. Бұл туралы Delfi.lt хабарлады.

Бұл шешім 9 маусымнан бастап күшіне енеді. Ол Ресей Украинадағы соғысты тоқтатып, Қырымды қайтарып бергенге дейін созыла береді.

Латвияның заңнама нормаларының біріне сәйкес, басқа мемлекеттің территориялық тұтастығына қауіп төндіретін елдің бағдарламалары жұмыс істей алмайтын болып шешілді.

Латвия Ресейдің «Кино24», «МирТВ», «Охота и рыбалка», «Перец» пен басқа да саясатқа қатысы жоқ арналардың көрсетілуіне тыйым салды.

Осыған дейін Балтық теңізі жағалауы елінде Еуропа одағы РФ-ға қарсы санкциялардың алтыншы пакеті шеңберінде Ресейдің Rossiya24, TV center International, RTR Planeta (кабельді, спутникті, интернет-трансляциялы) арналары желіден ажыратылып тасталатыны хабарланған болатын.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5388