Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1498 2 пікір 7 Маусым, 2022 сағат 14:06

Ағылшын тілі Украинада айрықша мәртебеге ие болады

Ағылшын тілі Украинада айрықша мәртебеге ие болуы мүмкін. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

Украина премьер-министрі Денис Шмигаль Telegram-арнасында ағылшын тілінің статусы туралы мәселе Үкіметтің отырысында қаралғанын жазды.

- Қазіргі кезде Министрлер кабинеті осы бастамаға сәйкес тиісті заңнаманы дайындап жатыр. Бүгінде ағылшын тілі бүкіл өркениет әлемінің іскерлік қарым-қатынас тілі ретінде қолданылып келеді. Сондықтан оған осындай статус беру Украинадағы бизнестің дамуына, елге инвестиция тарту мен интеграциясының күшеюіне серпін береді, - деді ол.

Осыған байланысты Үкімет салалық министрліктерге ұсыныстар беріп, тиісті құжаттарды дайындауды тапсырды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394