Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2490 0 пікір 7 Маусым, 2022 сағат 14:07

Қазақстан бидай экспортын көбейтпек

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев бидай экспортын ұлғайту мәселесі егіс науқаны біткенде қарастырылатынын айтты.

Үкімет кулуарында Halyq Uni тілшісі министрге «Ресей мен Украина арасындағы соғыс жағдайына байланысты Қазақстан бидай экспортын ұлғайтуды жоспарлап отыр ма?» деген сұрақ қойды.

«Биыл 13,5 миллион тонна бидай жиналады деп болжап отырмыз, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15%-ға артық. Сондықтан Қазақстанның экспорты ұлғаяды деп күтіп отырмыз. Қазір біз бидайды дәстүрлі нарықтарға экспорттаймыз, ал басқа өңірлерге бидайды экспорттау логистика шығынымен байланысты. Сол себепті аман-есен бидай жинап бітірген соң, яғни егіс науқаны біткенде бұл мәселені (бидайды басқа елдерге экспорттау – мәселесі) қарастырамыз», - деді Ербол Қарашөкеев.

Сондай-ақ ол Қазақстан бидайды қандай елдерге экспорттап жатқанына тоқталды.

«Бүгінде біз бидайды Орталық Азия, Иран, Ауғанстанға сатып жатырмыз. Сондай-ақ аз көлемде Еуропа елдеріне экспорттаймыз. Бидайдың қатты сорттарын Ресейге шығарып жатырмыз», - деді ведомство басшысы.

Айта кетейік, Ауыл шаруашылығы министрі биылғы астық түсіміне қатысты пікір білдірген еді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394