Жұма, 2 Қазан 2026
Билік 3591 0 пікір 7 Маусым, 2022 сағат 14:25

Тоғжанов ескі үкіметке "4" деген баға қойды

Үкімет кулуарында журналистер премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтан ескі Үкіметпен жаңа Қазақстанды қалай құруға болатынын және министрлер кабинетінің жұмысын қаншаға бағалайтынын сұрады, деп жазды Halyq-uni.kz 

"Жаңа Үкіметте басқа жақтан келген адамдар отыруы керек деп ойлайсыздар ма? Менің ойымша, қазір Үкімет жаман жұмыс істеп жатқан жоқ. Бес балдық шкала бойынша Үкімет «төртке», яғни жақсы жұмыс істеп жатыр", - деп жауап берді ол.

Айта кетейік, 5 маусымда Қазақстанда жалпыхалықтық референдумның өткен болатын. Оған дейін мемлекет басшысы референдум арқылы халықтың ел тағдырын шешіп, жаңа Қазақстанды құруға қадам жасайтынын айтқан болатын. Алайда әлеуметтік желіде қазақстандықтар қазіргі Үкіметтің құрамын жиі сынға алып жүр. Көпшіліктің пікірінше, жаңа Қазақстан құру үшін саяси реформалар жеткіліксіз, биліктегі шенеуніктер де толығымен жаңаруы керек.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Ғылым-білім

Наука действия – от теории к практике

Алмаз Ещанов 345
Мәдениет

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 366
Аласапыран

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 503