Сенбі, 23 Қараша 2024
2946 7 пікір 8 Маусым, 2022 сағат 14:12

Қазақстанда ресейлік ЖОО филиалдары ашылады

Қазақстанда екі ресейлік техникалық жоғары оқу орындарының филиалы ашылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды.

«МИФИ Ұлттық ядролық зерттеу университетінің филиалы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында, ал И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің филиалы С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің базасында құрылады», - делінген құжатта.

Филиалдардың білім беру бағдарламасына қазақ тілі мен Қазақстан тарихы пәндері енгізіледі. Бұйрыққа сәйкес, оқу мерзімі Қазақстандағы филиалдарда 2 немесе 3 жыл, ал Ресейдегі бас университет базасында 1 немесе 2 жылға жоспарланған.

«Білім беру процесі бас жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамын тарта отырып ұйымдастырылады. Олардың әрбір филиалдағы үлесі кемінде 50% болмақ. Филиалдар мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберіндегі қаражат, ғылыми жобаларды қолдау, инвестициялар және тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қаржыландырылады», - деп жазылған бұйрықта.

Филиалдар өз қаражаты немесе өзге де қолдау көздері есебінен студенттерге грант, стипендия мен басқа да төлемдер жасайды.

Abai.kz

 

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385