Өзбекстан Украинаға көмек жіберді
Өзбекстан Украинаға 1 млн доллардың 19 тонна дәрі-дәрмегін жолдады. Гуманитарлық жүк В Закарпатьеге жеткізілді. Украинаның Закарпатье облысына Өзбекстанның гуманитарлық жүгі 6 маусымда келіп жетті, деп хабарлады аймақ басшысы Виктор Микита.
Оның айтуынша, 19 тоннадан астам дәрі-дәрмек әуелі Словакияға, сол жерден Закарпатьеге әкелінген.
Мұнда антибиотиктер мен дәрумендердің 12 түрі бар. Гуманитарлық жүк құны 1 млн доллардан асады.
Дәрі-дәрмек ұрыс жүріп жатқан аймақтардағы әскери дәрігерлерге жолданады, делінген хабарламада. Закарпатье басшысы Өзбекстан халқына алғыс айтты.
Өзбекстан осымен екінші мәрте Украинаға гуманитарлық жүк жолдап отыр. Алғаш рет 34 тоннадан астам гуманитарлық жүк биыл сәуір айында Украинаға жеткізілген.
Abai.kz