Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2427 0 пікір 13 Қараша, 2012 сағат 09:02

Темекінің айналасындағы текетірес

Ел Парламентіндегі депутаттар Үкіметтегі темекі алпауыттарының лоббиіне қарсы дүр көтерілді. Осыдан біраз бұрын Экономикалық даму және сауда министрлігі заң шығарушы билікке қолданыстағы ұлттық салық заңнамасын өзгертетін жаңа заң жобаны енгізген болатын. Бұл құжатты әзірлеушілер оған «қызықты» бір бап қыстырып, ол арқылы темекі өнімдерін экспорттаушыларды акциз алымдарынан толық босатудың қамын жасапты. Шенеуніктер «Парламент мұны әдеттегідей үн-түнсіз өткізе салады» деп үміттенгенге ұқсайды, бірақ үлкен қарсылыққа кезікті.

Ел Парламентіндегі депутаттар Үкіметтегі темекі алпауыттарының лоббиіне қарсы дүр көтерілді. Осыдан біраз бұрын Экономикалық даму және сауда министрлігі заң шығарушы билікке қолданыстағы ұлттық салық заңнамасын өзгертетін жаңа заң жобаны енгізген болатын. Бұл құжатты әзірлеушілер оған «қызықты» бір бап қыстырып, ол арқылы темекі өнімдерін экспорттаушыларды акциз алымдарынан толық босатудың қамын жасапты. Шенеуніктер «Парламент мұны әдеттегідей үн-түнсіз өткізе салады» деп үміттенгенге ұқсайды, бірақ үлкен қарсылыққа кезікті.

Жақында қос шатырлы Парла­менттің Төменгі палатасы «Қа­зақ­станның кейбір заңнамалық акті­леріне салық салу мәселелері бой­ын­ша өзгерістер мен толықтырулар ен­гізу туралы» деп аталатын осы заң­ның жобасын бірінші оқылымда (яғни тұжырымдамасын) мақұлдады.
Бүгінде Мәжілістің Қаржы жә­не бюджет комитеті бұл құжатты екін­ші оқылымға әзірлеуде. Кеше осыған орай палатада құрылған жұмыс тобы құжатты тағы бір пысықтады. Ал алдағы бейсенбі күні Үкімет өкілде­рі осы жаңа заң жобаның Сенатта таныстырылымын өткізеді деп кү­тілуде. Жалпы, Жоғары палатаға жеткенше, Мәжілістегі талқылау­лар барысында бұл жоба ендігі қапта­ған жаңа баптармен толығып үлгерді.
Оның біразы әлеуметтік сипатта. Мәселен, депутаттар Н.Логутов пен Н.Нестерова жаңа заң жобасының 1-бабына жаңа 3-тармақ ұсынды, оған сәйкес, жетім және ата-анасы­ның қамқорлығынсыз қалған бала­лар 18 жасқа толғанға дейін жер салы­ғын және басқа да төлемдерді төлеу­ден босатылуға тиіс. Қазіргі кезде бұл
бап пысықталуда.
Ал «Нұр Отан» партиясы «жал­ған кәсіпкер» деген күдікке ұшырап, қудалауға түскен бизнесмендерге көмекке келуде: билеуші партия заң жобасына өзгерту енгізіп, ол арқы­лы қолданыстағы Қылмыстық кодекс­тің 192-бабының («жалған кәсіпкер­лік») күшін жоймақ ниетте. Егер «Нұр
Отан» осыған қол жеткізсе, Үкіметті көндіре алса, «жалған кәсіпкер­лік» қылмыстық бабы, посткеңес­тік кеңістікте ең соңғы болып, Қазақ­станда да жойылмақ. Оның орнын заңсыз қаржыны қолма-қол ақшаға айналдыруға және жылыстатуға («отмывание») қарсы күресетін нор­малар баспақ.
Ол - ол ма, халықтық демократиялық пар­тия осыған қатысты қолданыстағы жазаны да жеңілдетуді ұсынуда: қазіргі кезде кез келген кәсіпкер «жалған кәсіп­керлікке» ғана «жарасатын» әрекеттер жасаса, бірден темір тордың ар жағынан шығатыны жасырын емес. Атап айтқанда, қолданыстағы заңнама (1997 жылғы Қылмыстық Кодекстің 192-1-бабы) бойынша егер жеке кәсіпкерлік субъектісі «іс жүзінде жұмыстарды орын­дамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп жібермей», «құқыққа қарсы мақ­саттарды көздеген және азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірген мә­міле жасаса», «екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан» айырылады. Бұл рет­те, біріншіден, «нұротандық» қалаулылар ескерту-меже белгілеп отыр: егер қандай да бір кәсіпкер әлгі аталған нақтылы іс-қимылдардың ешқайсысын жасауды көздемейтін, нақтылап айтқанда, бар ісі тек қағаз жүзінде ғана жүретін 1000 айлық есептік көрсеткіштен астам (1 миллион 600 мың теңгеден артық) қаржының мә­мілесін жасаса, оған, 650-ден 2000 мың АЕК, яғни, екі есе көлемде айыппұл салы­нуға тиісті. Ал егер осыдан кейін де ол, еш сабақ алмай, осындай күдікті әре­кет­терді «бірнеше рет», «адамдар тобымен алдын ала сөз байласып», 10 мың АЕК-тен астам сомаға жасаса, оған енді 2 мың­нан 5 мыңға дейінгі АЕК мөлшерінде айып­пұл салынады, не 3 жылға дейінгі мерзімге сотталады.
Бір айта кетер жайт, әдетте барлық жұмысты тек қағаз жүзінде ғана орын­дайтын мұндай «жалған фирмалар» тен­дер­лер кезінде, миллиардтаған ел қар­жы­сын заңсыз игеру үшін құрылады. Сон­дықтан «нұротандық» депутаттар қаралып жатқан заң жобасына қолда­ныстағы заңнамада жоқ жаңа бап қосып отыр, 192-2-бап мұндай компанияны заңсыз ұйымдастырған шенеунікті жазалайды: «мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адам не оған теңес­тірілген адам, егер оларды өзінің қызмет бабын пайдаланумен қатар жасаса» ол шендіге 2 мыңнан 5 мың АЕК-ке (3,2 млн-нан 8 миллионға) дейінгі айып­пұл салынады, не ол 2 жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына жіберіледі, немесе 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады. Депутаттардың бұл түзе­тулерінің барлығын Үкімет қазір қарауда, жақын күндері шешім толық қабыл­данады.
Ал темекі бұйымдарын алымнан босату бабы заң шығарушы және атқару билік арасында біраз айтыстар тудыруда. Депутаттар Сейітсұлтан Әйімбетов, Жам­был Ахметбеков, Ерген Дошаев, Гүлмира Исімбаева, Ромин Мәдинов, Тұрсынбек Өмірзақов, Виктор Рогалев, Нұртай Сабильянов, Гүлнәр Сейітмағанбетова, Қуаныш Сұлтанов, Елена Тарасенко, Мұхтар Тінікеев, Шавхат Өтемісов Үкіметтің «темекі барондарына» шетелге тауар экспорттауы кезінде үлкен жеңілдік жасауға үзілді-кесілді қарсы шықты (бұ­лар­дың қатарында экс-депутат Мұрат Әбенов те болған, кеше ол Білім және ғылым вице-министрі болып кетті).
- Ұсынылып отырған бұл өзгеріс - экспортқа арналған темекі бұйымдарын акцизден босату, бюджетке түсетін түсімдердің азаюына алып келеді, - дейді өздерінің түсіндірмесінде қалаулылар. - Оның үстіне бұл өзгеріс темекі бұйым­дарының заңсыз саудасына, адал емес бәсекелестікке ықпал етеді, сондай-ақ Қазақстан ратификациялаған Дүние­жү­зілік денсаулық сақтау ұйымының Теме­кі­ге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясына қайшы. Бұған қоса, әлемде темекі компанияларына арналған преференциялық режимнің мұндай тәсілі практикада жоқ.
Бұл жерде қалаулылар біздің Үкімет үлгі ететін Еуроодақ елдерін мысалға келтіреді, «оларда жыл сайын қосымша құн салығын да, сондай-ақ акциздік са­лық­тың да мөлшерін арттырып отырады, бұлар бір қорап сигареттің құнының 80%-ына дейін құрайды» екен.
Депутаттар алдан тартып отырған тағы бір дәйектеме: темекі алпауыттары өздері лоббилап отырған бұл бапты, өз өнімін қағаз жүзінде ғана «экспортқа шығарып», ал шын мәнінде, онысын салық төлемей, өз ішімізде сатуға пайдаланады деген қауіп бар және бұл негізсіз емес: «қазіргі кезде экспортқа арналған тауарларды, олар орнын ауыстырған кезінде, сапалы қадағалаудың қандай да бір инфра­құры­лымы жоқ, - дейді қарсы шыққан қалау­лылар. - Бұл тауарды қадағалау іс жүзінде мүмкін емес. Демек, Қазақстан «экспорт­тық» деген тауар өз елімізде еркін са­тыла­тын жағдаймен бетпе-бет келуі мүмкін».
Бұл текетіресте қай жақ үстем шығады, алдағы күндері мәлім болмақ.

"Абай-ақпарат"

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502