Жұма, 11 Қазан 2024
2358 7 пікір 10 Маусым, 2022 сағат 14:37

АЭС-тің салынатын орны белгіленді

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов атом электр станциясының нақты қай жерде салынатынын хабарлады.

«Қай аймақта орналасатыны туралы ведомствоаралық комиссия өткіздік. Балқаш көліне жақын аймақта болмақ. Яғни, Алматы облысындағы Үлкен кенті таңдалды»,-деді Ақшолақов.

Оның айтуынша, алда АЭС құрылысына байланысты бірқатар геологиямен, сумен, экологиямен байланысты аспектілерді зерделеу керек.

Бұған дейін, президент Қасым-Жомарт Тоқаев атом электр станциясын салатын жердің таңдалып қойылғанын айтқан болатын.

«Қазақстанда атом энергетикасын дамыту бойынша бірқатар бәсекелестік артықшылықтар бар, оны ЕО жасыл технологиялар тізіміне енгізді. Біздің еліміз табиғи уран өндіруден әлемде бірінші орында тұр, ядролық отынның өзіндік өндірісі бар және уранды байыту бойынша тиісті мүмкіндіктерге ие. Қазіргі уақытта біз атом электр станциясын орналастыру туралы шешім қабылдадық және әлеуетті жеткізушілердің технологияларын зерттеп жатырмыз» деді президент.

 

Abai.kz

 

7 пікір