Жұма, 11 Қазан 2024
2583 7 пікір 10 Маусым, 2022 сағат 15:11

"Назарбаевтың отбасы мүшелері Дубайда жүр"

«Назарбаев әулетінің біразы Дубайда жүр»,-деді депутат Айдос Сарым журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында.

«Қазақстаннан шыққан үш мыңнан астам адам Дубайдағы 1 млрд доллардың мүлкін иеленіп отыр. Бізде миллиардерлерге қызмет ететін пысықайлар бар. Сол сияқтылар шығар азаматтық алған. Назарбаев әулетінің біразы Дубайда жүр. Шәріпбаевтың, Сатыбалдының әңгімесі бар. Естуімше, «Самат Әбішке ордер беріліпті» деген әңгіме бар. Әрине, бір-екі туыстарың қылмысты болса, мүлкі тәркіленсе ұнамайды ғой. Олар да ойланып, күдіктенеді», – деді мәжілісмен.

Депутат Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан тарихындағы орны елеулі екенін жоққа шығаруға болмайтынын да еске салды.

 

Abai.kz

7 пікір