Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2594 0 пікір 18 Қараша, 2012 сағат 10:53

Шалдар мен балдар

Елордамыз Астанада «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық Партиясы «Жас Отан» Жастар қанатының II съезі болып өтті. «Жасотандықтардың» съезіне Президент Нұрсұлтан Назарбаев қатысып сөз сөйледі. Аталған жиын барысы бұқаралық ақпарат құралдарында тегіс жария көрді. Сондықтан оның ұзын-ырғасына тоқталып жатпаймыз. Тоқталып жатпайтын сбебеміз құрылтайда қабылданған шешімдер, жас саясаткерлердің алдағы күндерге қойған талабы келер күндердің еншісіндегі дүние. Алайда, жастарымыздың «жалындап» сөйлеген сөздеріне мән бермеске амал кем. Өйткені олар Елбасымыздың мұқым жұртқа былайда белгілі атағы мен даңқын, беделі мен білігін көтере сөйлеу жағынан келгенде аға буыннан асып түспесе, кем соққан жоқ. Әрине, балдардың (балалар дегенді кейде осылай айта беретініміз бар) сөйлейтін сөздері, оқитын баяндамалары Ақ Ордада сүзгіден өтіп, пысықталғанын бек түсінеміз. Сол үшін де іні-қарындастарымызды албаты сөге жамандамағанымыз жөн шығар. Өйткені  шалдар, кешіріңіздер... аға буын баспасөз бетінде жастарға «үлгі-өнеге көрсетіп» былай дейді   (http://old.abai.kz/content/avtory-belgisiz-allanyn-kolenkesi-siyaktanyp) :

«Жауына жебе боп та қадалатын

Абыздан азамат ер бата алатын.

Алланың тоқсан тоғыз есiмi бар:

Бiрi - Нұр, бiрi - Сұлтан аталатын.

 

Елордамыз Астанада «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық Партиясы «Жас Отан» Жастар қанатының II съезі болып өтті. «Жасотандықтардың» съезіне Президент Нұрсұлтан Назарбаев қатысып сөз сөйледі. Аталған жиын барысы бұқаралық ақпарат құралдарында тегіс жария көрді. Сондықтан оның ұзын-ырғасына тоқталып жатпаймыз. Тоқталып жатпайтын сбебеміз құрылтайда қабылданған шешімдер, жас саясаткерлердің алдағы күндерге қойған талабы келер күндердің еншісіндегі дүние. Алайда, жастарымыздың «жалындап» сөйлеген сөздеріне мән бермеске амал кем. Өйткені олар Елбасымыздың мұқым жұртқа былайда белгілі атағы мен даңқын, беделі мен білігін көтере сөйлеу жағынан келгенде аға буыннан асып түспесе, кем соққан жоқ. Әрине, балдардың (балалар дегенді кейде осылай айта беретініміз бар) сөйлейтін сөздері, оқитын баяндамалары Ақ Ордада сүзгіден өтіп, пысықталғанын бек түсінеміз. Сол үшін де іні-қарындастарымызды албаты сөге жамандамағанымыз жөн шығар. Өйткені  шалдар, кешіріңіздер... аға буын баспасөз бетінде жастарға «үлгі-өнеге көрсетіп» былай дейді   (http://old.abai.kz/content/avtory-belgisiz-allanyn-kolenkesi-siyaktanyp) :

«Жауына жебе боп та қадалатын

Абыздан азамат ер бата алатын.

Алланың тоқсан тоғыз есiмi бар:

Бiрi - Нұр, бiрi - Сұлтан аталатын.

 

Көгiнен Ай туғанда қияқтанып,

Көңiлден отырғаны күй ақтарып.

Ол кейде көрiнедi жерде жүрген

Алланың көлеңкесi сияқтанып».

Рафаэль НИЯЗБЕК

("Айбозым менiң" (Елбасы жайлы өлең-роман),

Астана, "Күлтегiн" баспасы, 2006 ж.)

 

«...Мен Нұрсұлтанды өзiм азамат тарихындағы ең ұлы адам деп бағалайтын Мұсылман жұртының ардақты перзентi Мұхаммед пайғамбарға ұқсатамын".

Фариза ОҢҒАРСЫНОВА

("Шыққан күндей жарқ етiп...",

"Егемен Қазақстан", 6 шiлде, 2010 ж.)

 

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев адамзатты топан судан аман алып шыққан Нұх пайғамбарға ұқсап, Қазақстанды сонау 90-жылдары Тәуелсiздiк жолында басталған күресте аман алып шығып, ел қылды...»

Шерхан Мұртаза,

халық жазушысы

("Көбеймесек, көсегемiз көгермейдi",

"Алматы ақшамы", 22 қазан, 2009 ж.)

 

"Елбасының есiмi перiште дәптерiнiң ең төбесiнде тұруға лайық" (114-бет)...

"Перiште үнсiз".

Осы кезде Елбасымыз қалың ұйқыға кетедi. Әлден уақытта перiште қайта оралып, президентке тiл қатады.

"- Пендем... мана, әлгiде, өзiң ұйықтап жатқан кезiңде жазбаларымды Жаратқан Иеге көрсетiп алайын деп асығыс аспанға ұшпаймын ба? Жаратқан Иенiң алды бос емес. Ығысып, есебiн тауып жүрiп, алдына жетiп, дәптерiмдi ашып көрсетпеймiн бе? Жаратқан Ие тiзiмге көз салып отырып, дәптер жиегiндегi сенiң есiмiңе назар салғаны... Жаратқан Ие терең ойланып, отырып-отырып былай дедi: "Ендеше осы пендемнiң есiмiн ең төбесiне жаз...»

Дүкенбай ДОСЖАН

("Ақ Орда" романынан,

"Жазушы жазбаларындағы Жаратушы немесе Дүкенбай Досжанның дiни сауаты қаншалықты", Ұлағат Ханзада, "Жас Алаш", 19 наурыз, 2009 ж.)

 

...мен сөйлесем, Сiздiң ел үшiн етiп келе жатқан ерен еңбек, қажырлы қызметiңiздi жақтап сөйлеймiн.

...Бiрақ менiң ондай сөзiмдi кейбiр атақ-абыройлы құрметтi iнiлерiм ұнатпайды екен. Алғашында сол iнiлерiме ренжiп, бұл жолы үндемей отырайын десем де, көптен берi көрiспеген Сiзбен дидарласатын болғандықтан, бiр ауыз сөз сөйлемей кетудi жөн көрмедiм.

...Ең соңында айтарым, ардақты Нұреке, мен Өзiңiз қалыптастырған жаңа қазақ мемлекетiн, бойдағы күш-қуатыңыз сарқылғанша Сiз басқарсаңыз екен деп тiлеймiн. Конрад Аденауэр 91 жасына дейiн ел басқарды. Уинстон Черчилль де ұзақ отырды. Мен қазақ Назарбаевтың ел басқару ақыл-парасаты немiс Аденауэр мен ағылшын Черчилльден бiр мысқал да кем деп есептемеймiн...

Әзiлхан НҰРШАЙЫҚОВ

("Өнер мен әдебиет - халықтың жаны",

"Егемен Қазақстан", 5 ақпан, 2010 ж.)

 

Өз елiнiң, адамзаттың күндiз-түнi қамын ойлаған, таныған оны бар ғалам, құрмет тұтқан қазақтың әр кәрiсi, әр жасы - Назарбаев Нұрсұлтан атты Елбасы. Осы Елбасымыз нағыз үш қанатты қас қыран! Оның үш қанаты - өз елiнiң және әлемнiң Өткенi мен Бүгiнi, алаулаған Ертеңi! Ол қандай құрметке, қандай сыйлыққа болсын лайық! Осы сөздiң терең мәнiн ұғайық!

Арқалаған дүние жайлы бұла мұң, жүрегiне жағып Прометейдiң от-шырағын, жастарды қалғытпай, қарттарды алжытпай, сананы сiлкiп, түйсiктi түртiп дабыл қаққан, көкiректiң көзiн ашқан, өнердiң өрiнде өскен, философия патшалығында өмiр кешкен, адамзаттың қамын жеген, адам үшiн құрбан жаным деген, заманға заңғар мұзарттан қараған, айтқан сөзi әлемге тараған менiң гимн-ұраным, даңғыл-дауылпаз үш қанатты қыраным!... Әлемдi шарлап, ақыл-ойыңмен барлап, шарықтап шалқып ұша бер талмай, рухы тектi, үш жүректi, құдiреттi үш қанатты, Қыраным!

Әубәкiр НIЛIБАЕВ,

Үндiстанның Халықаралық Падма

Шри сыйлығының лауреаты,

Пәкiстанның, Икбалдың Алтын

Ескерткiшi сыйлығының иегерi,

("Үш қанат" (философиялық поэма),

"Айқын", 1 мамыр, 2010 ж.)

 

...Данышпан деп атау үшiн, Сократтың түсiндiрiп кеткенiндей адамзат баласы ең алдымен үлкен тұйыққа тiрелуi керек, сонан соң содан шығатын жолды табуы тиiс. Сонда ғана ол тұлғаны замандастары мен кейiнгiлер данышпан деп айтуға құқылы.

...Олай болса, Н.Ә.Назарбаев ұлттық көшбасшы ғана емес, сонымен бiрге қазақтың маңдайына бiткен данышпан перзентi. Мұны мен емес, Сократ айтты деп ойлаңыздар.

Төрегелдi Шарманов,

медицина ғылымдарының докторы, академик,

Қазақ Тағамтану институтының президентi

("Данышпандық жол",

"Дала мен қала", 9 тамыз, 2010 ж.)

 

 

Ұлы iстерден тапқан дәйiм мұратын,

Бар өмiрi iрiлiк пен ерлiктерден тұратын.

Сiз, Нұреке - халқымыздың бақыты

Тәуелсiздiк сәулеткерi - ұлы ақын!

Сәбит ДОСАНОВ

("Егемен Қазақстан", 14 желтоқсан, 2008 ж.)

 

...Елордамыз Астана әлемдiк гуманизмнiң кiндiк төрiне айналып бара жатыр. "Дағдарыс жайлы толғаныс" деген өлеңiмде:

...Кiлт бiреу өмiр сүретiн,

Достасып әлем жаңылмас.

Назарбаевтай еркiн бiлетiн,

Әзiрше дана табылмас, - дегенiм де бүгiнгi өмiрдiң бiр көрiнiсi...

Назарбаевтың елдi барынша ұзақ басқаруына қай жағынан да жағдай жасау арқылы бiз Қазақстанның кемел келешегiне, берiк болашағына жағдай жасаймыз, әрқайсымыздың еңселi ертеңiмiзге негiз қалаймыз. Тiптi, әйтеуiр сайлау өткiзу керек қой дей бермей, елдi әуре-сарсаңға салмай Елбасының өкiлеттiлiгiн ұзартудың заң шеңберiндегi қандай жолдарын болса да қарастырудың артықтығы жоқ дер едiм...

Кәкiмбек САЛЫҚОВ

("Елорда - Елбасының еренғайып ерлiгi",

"Егемен Қазақстан", 17 маусым, 2009 ж.)

 

Адамзат өзi жаратылғаннан берi қиындықтан құтқарушысын, жарылқаушысын iздеп келедi...

Айталық, «ұрланған Күннiң» орнына өз жүрегiн жұлып алып, адамзатқа нұр шашқан Прометей осы қиындықтан құтқарушыны, жарылқаушыны iздеудiң мифологиялық бiр мысалы...

Мәселен, қиындыққа тап болған елiн құтқару үшiн жайлы жер iздеп Мұса (Мойсей) қырық жылғы ғұмырын сарп етiп, ақыр аяғында Исрайл балаларының жарылқаушысына айналған. Ааврамизм деп аталатын дiн бастауында тұрған Тәуратта (Тора) осылай делiнедi. Онан соң халқының бар азабын өз мойнына алған Иса (Иусус) өмiрге келедi... Мұнан соң әбден азап шеккен және азғын жолға түскен арабтардың жарылқаушысы ретiнде Мұхаммед тарих сахнасына шығады...

Ал мен болсам, ғасырлар тоғысында iрi қайраткер ретiнде тарих сахнасына Н.Ә.Назарбаевтай дана тұлға шыққан адамзат бақытты дер едiм... Ол - адамзаттың бүкiл тарихында бiрде-бiр мемлекет басшысы қолға алмаған жасампаз идеялардың бастамашысы ғана емес, сонымен бiрге, жүзеге асырушысы бола жүрiп, аңыздың емес, ақиқаттың Прометейiне айналды.

Сағындық CАТЫБАЛДИН,

экономика ғылымдарының докторы,

әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дiң профессоры

("Прометей. Аңыз бен ақиқат",

"Дала мен қала" 19 шiлде, 2010 ж.)

...Қоғамдағы талдайсыз әр iздi Сiз,

Ел алдында ұғынып парызды Сiз.

Қазақ ұлтын топаннан сақтап қалу,

Жолын бiлер Нұх пайғамбар тәрiздiсiз...

 

...Жасай берсiн Нұрсұлтан Назарбаев,

Ұрпақ берер есiмi - Атақазақ!

Айтуар ӨТЕГЕНОВ,

ақын, еңбек ардагерi

("Атақазақ", "Егемен Қазақстан",   23 маусым, 2010 ж.)

 

Бұл Алланың бiзге берген бақыты, Алла бiзге Нұрағаң сияқты кемеңгер басшы бердi. ...Мың шүкiрлiк, мың тәуба дейiк, ағайын!

...Әлемдегi 7 кереметтiң қатарына қосылар 8-кереметiмiз құтты болсын, ағайын.

Мағзұмбек МАШАЙЫҚҰЛЫ,

Ұлытау ауданының құрметтi азаматы

("Сегiзiншi кереметiмiз құтты болғай",

"Егемен Қазақстан", 25 қараша, 2009 ж.)

 

Ағалар осылай аңқылдап жатқан соң жастар қалай саңқылдамасын?!. Олар былай дейді:

 

«Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты ат­қа­ру­шы хатшысының міндетін ат­қа­рушы Нұрлан Сыдықов:

- «Құрметті Нұрсұлтан Әбіш­ұлы, Сіз еңбектен қашпауға, маң­дай терімізбен жинаған ырысы­мыз­ды шашпауға шақырдыңыз. Тәтті нан­ның ащы термен келетінін ұғындырдыңыз. Арман мен еңбек ұштаса келе, келешек күнге деген нық сенімді құрайды. Елбасы се­німінің арқасында еңселі елордамыз ерке Есіл өзенінің жағасына орын тепті. Астана - алты Алаш­тың айбынына, жасампаздықты жалау еткен жастардың арман қаласына айналды. Сол себепті де съездің басты ұстанымы - «Арман! Еңбек! Сенім!».

 

Әлия Шаражеева, сол­түс­тікқазақстандық мұғалім-деле­гат:

- «Бүгін мен «Дипломмен - ауылға!» бағдарла­ма­сына қатысушы мыңдаған қа­зақстандықтардың бірі ретінде осы съезге қатысып отырмын.  Бұл съездегі сөзімді біз­дің мектептің оқушылары да Интернет желісі бойынша тыңдап отыр. Сондықтан мен ерекше тол­қу үстіндемін. Астанаға жол жү­ре­тін кезімде өзім ұстаздық ететін мектептің оқушылары Елбасына өздерінің ризашылықтарын білдірген сәлемін жеткізуді өтінді».

 

Еркебұлан Балтабеков, Семей қаласынан сай­ланған делегат:

- Менің осынау кең де сәнді спорт кешенінде аман-сау тұрып сөз сөйлеуім Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың табанды ше­ші­мінің нәтижесі деп білемін, деді семейлік жас. Өзім 1991 жылы Се­мей қаласында дүниеге келдім. Дәл сол жылы жарты ғасыр яд­ро­лық сынақтар жасалған Семей ядролық полигоны жабылған болатын. Сіз сол шешіміңіз арқылы жер­лестеріме, туған-туыстарыма, бү­кіл қазақстандықтарға бола­шақ­қа зор үмітпен қарауға мүм­кіндік бердіңіз. Баянды, бақытты өмір сыйладыңыз.

Вашингтон мен Сеулде өт­кен ядросыз әлем құру туралы халықаралық жиындарда ірі дер­жа­валардың басшылары Елбасымызды ортаға алып, пікірлесіп тұрғанын теледидардан көргенде, мені мақтаныш сезімі биледі. Обама да Сіз береген қазақ тұмарының арқасында сайлаудан сүрінбей өтіп, қайтадан АҚШ президенті болды. Әйтпесе оның жағдайы қиын еді.

 

Нұрсұлтан Томпиев, Назарбаев Университетінің тә­лімгері:

- Құрметті Президент, Сіз 1991 жылдың 15 наурызында Жезқазған қала­сы­ның тұрғындарымен кездесу өт­кіз­ген екенсіз. Сол кездесуге менің әкем де қа­тысыпты. Кездесу өтіп жатқанда, әкеме менің дүниеге келгенімді хабарлапты. Әкем Сіздің құрме­тіңіз­ге маған «Нұрсұлтан» деген есім берген екен. Мен бұл есімге ешқашан кір келтірмеймін.

2010 жылы Ас­танада халықаралық деңгейде білім беретін Назарбаев Универ­ситеті ашылғанын әлем жұрт­шы­лығы естіді.  Мен және мен сияқты көптеген жас осынау біре­гей университетте оқуды армандады. Оқуға қабылдану оңай бол­мағанын жасырмаймын, конкурс өте қиын болды. Бүгінде мен Назарбаев Университетінің студен­ті екенімді мақтанышпен атаймын.

Жиын үстінде бұлдардан өзге  Лондондағы пара­олим­пиялық ойындарға қа­ты­сушы Әнуар Ахметов, Павлодар облысынан келген съезд делегаты Сапар Шалабаев, теміртаулық делегат Ольга Долженко, т.б. сөйлеп құлақ құрышын қандырды.

«Аbai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434