2022 жылы қанша қазақстандық елден кетті?
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдың төрт айында Қазақстанға 5 122 адам келсе, елден 7 041 адам кеткен. Көші-қон сальдосы 1 919 адам болды.
Еліміздегі негізгі көші-қон ТМД мемлекеттері арқылы өтіп жатыр. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі 85,3% және 80,1% болды.
Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 3% кеміді.
Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң нәтижесі еліміздің 3 өңірінде байқалды:
Алматы (11 577 адам);
Нұр-Сұлтан (10 300 адам);
Шымкент (1 664 адам) қалаларында.
Abai.kz