Жұма, 11 Қазан 2024
2485 2 пікір 15 Маусым, 2022 сағат 13:21

Шәмші Қалдаяқовқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқовқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Қазақ халқының музыка өнерін дамытудағы айрықша еңбегі үшін композитор Шәмші Қалдаяқовқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын (марқұм)»,-делінген хабарламада.

 

Abai.kz

 

2 пікір