Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2480 2 пікір 15 Маусым, 2022 сағат 15:32

Тоқаев ЕАЭО мен ҰҚШҰ туралы не дейді?

Президент Тоқаев «Россия 24» телеарнасына сұхбат беріпті. Сұхбат барысында Қазақстанның ЕАЭО мен ҰҚШҰ-ға (ОДКБ) мүшеліктен шығу мәселесін сөз етіпті.

Тоқаев өз сөзінде аталған екі ұйым жүмысында дауласар мәселелер болып тұратынын және оның қалыпты процесс екенін айтқан.

«Бұл ұйымдар (ҰҚШҰ, ЕАЭО, ШЫҰ т.б.) иентеграциялық бірлестіктер және олар бір қалыпты дамып келе жатыр деп сеептеймін.

Мен Бішкектегі экономикалық форумның барысында да интеграция туралы өз пікірімді айттым. Бұл машақатты еңбек және компромистерді қажет етеді. Өйткені әр мемлекет өз позицияларын қорғайды. Бұл дұрыс. Егер қайсы бір мемлекет әрдайын жол бере беретін болса, ол мемлекеттің экономикасы зардап шегеді. Содан халық та: «Мұндай интеграцияның керегі не», - дейді.

Мұндай сұрақтар біздің елімізде де айтылып жүр. Сол себепті де ЕЭК-тегі біздің өкілдеріміз Қазақстан позициясын барыншы қорғауға күш салып жатыр немесе біздің позициямызды өзге әріптестерімізге түсіндіріп жатыр. Иә, дауласар тұстарымыз да бар. Алайда оның ушықтырудың қажеті қанша? Бұл Халықаралық ұйым шеңберіндегі қалыпты дүние. Аяғында бәріміз өз мемлекеттеріміздің мүддесіне қажетті және пайдалы шешімге келеміз», - дейді Тоқаев.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5483