Сенбі, 21 Қыркүйек 2024
46 - сөз 2855 0 пікір 17 Маусым, 2022 сағат 14:51

ЕАЭО-ның автонарығы Ресей бақылауында

Ресей Еуразиялық одақтың автонарығын қорғау үшін ЭРА-ГЛОНАСС(ЭВАК) деген жүйені ойлап тауып енгізді.

Бұл жүйе көлік апатқа түскен жағдайда құтқару қызметіне дабыл жіберу мақсатында жасалған.

Ресейге санкция салынғалы, Ресей бұл құрылғы детальдарын сатып алып орната алмайтындықтан, мамыр айынын бастап аталған жүйеден біржақты тәртіппен бастартты.

Бір қызығы ЭРА-ГЛОНАСС батырмасы бұған дейін одақтың екі елінде ғана талап етілген. Қазақстанда және Ресейде. Армения, Қырғызстанда жұмыс істемесе, Белоруссияда орнатыңдар деген ереже жоқ екен.

Ал Қазақстан бұл жүйенің құрбаны ретінде бастартайық деп Еуразиялық одақ комиссиясына маусым айында өтініш айтыпты.

Біздікілер Ресей билігі ренжіп қалар деп бұл жүйеден біржақты бастартуға қорқып жүрген сияқты. Әзірге бұл шетелден жақсы көлік әкеліп мінемін дегендердің ғана бас проблемасына айналған.

2019 жылдан бері Еуразиялық одақтың аумағында Еуро-5 стандарты бекітілді. Оған сәйкес экологиялық және қауіпсіздік бойынша автокөлікке жоғары стандарт талаптары қойылады.

Санкциядан кейін Ресей билігі Еуро-5 стандартын ұстап тұра алмайтындықтан, өздерінде өндірілетін көліктерге Еуро-2 стандарт талаптарын бекітті. Ол дегеніміз автокөлік қазіргі заманғы экологиялық әрі қауіпсіздік талаптарына сай келмейді.

Жоғарыдағы тенденцияны ескере отырып Ресейде шығарылатын көліктер біздің елде сатылуы үшін, біз де Еуро-2 стандартына түсіп жатсақ, таңқалмаңыздар. Көршің соқыр болса, бір көзіңді қысып жүр деген бар.

Абзал Досым

Abai.kz

0 пікір