АЛТЫН ТІСТІ ТЕҢІЗШІ
Ежелгі Вавилонда сырқаттың өліміне кінәлі болған дәрігердің екі қолын шауып тастайды екен.
***
Ежелгі заманда кельттер өте қорқынышты болыпты. Олар жекпе жек барысында ешқандай киім кимей тыржалаңаш, денелерін көк түске бояп алады екен. Сондай-ақ, «тыржалаңаш көк түске боялған әскери жасақ қарсы жақтың зәре-құтын қашырады» деп, тіпті Юлий Цезарьдің өзі мойындап жазыпты. Кельттер жалаңаштанғанымен қоймай шаштарына қызыл балшық жағып, денелеріне татуаж салдырып алатын болған.
***
Ежелгі дәуірде парсы әскері жойқын күшке ие болыпты. Әсіресе парсылар құтқарып қалған қалалар, оларды тамақтандыруға мәжбүр болған. Парсы әміршісі Ксеркс түскі ас кезінде өзінің 15 мың нөкерімен тамақтануды дұрыс көрген. Ал осындай қалың жасақты тойындыру үшін қазіргі ақшамен есептегенде қаланың бюджетінен 100 миллион доллар кетіпті. Осы қаражаттың ішіне алтын және күмістен жасалған тостақтар кірген. Онымен қоса Ксеркс үшін үлкен шатыр тігілген. Сосын армия ары қарай жылжыған кезде сол қаланың бар алтын-күмісін өздерімен ала кетеді екен.

Ең алғаш жарақаттың ауырғанын басу үшін «салқындатуды» Пергамумадан шыққан гладиатор Гален ойлап тауыпты. Қылышпен айқасқанда қолайлы сезіну әрі денеге тиген зақымның ауырмауы үшін ол раушан жапырағы мен воскіден жасалған қоспаға, зәйтүн майын араластыратын болған. Қоспа жарақатты тез тоңдырады. Гален оны «кератум хумидум» деп атаған. Ал қазір осы тектес «кольдкрем» яғни (салқындатқыш кремдер) бар.
****
16 ғасырда Қытайда тұзды кесек-кесегімен жұтып өзін-өзі өлтіру әдісі кеңінен тарапты.
***
«Еркінен айрылған ешкі» немесе тоқпаққа арналған бала - деген лауазым расында болыпты. Ол баланы корольдің дәріс өтетін бөлмесіне отырғызып қояды екен. Егер ханзада мұғалімнің сұрағына дұрыс жауап бере алмай қалса, соның орнына әлгі байғұс бала таяқ жейді.
****
Теңізшілер баяғыда міндетті түрде ауыздарына алтын тіс салдырып алады екен. Құрыды дегенде теңізші бір тісінің алтын болғанына қатты мән береді. Неге деп ойлайсыздар? Қаралы күн үшін. Өйткені, үйден жырақ кеткен кезде, көмусіз қалмас үшін қабірін дайындауға қажет.
***
Рим императоры Гай Цезарь «етік» деген лақап атқа ие болған. Өйткені, ол кезінде казармада тәрбиеленген және баласына да әскери форма кигізіп қоятын болған. Сонымен, бұл лақап ат оған өмір бойы жабысып, тарихта «Калигула» деген есімімен қалды.
****
Еуропадағы індет кезінде сыра жай суға қарағанда қауіпсіз болыпты. Себебі, оның құрамындағы ферментация холера мен дизентерияны тудыратын бактерияларды жойып отырған.
***
Ең атақты қарақшы Джон Тайлор 1721 жылы ең үлкен кеме, португалдық «Nostra Senora della Cabo» фрегатын жаулап алған. Сол экипаждың әрбір мүшесі сол кезде 42 бриллиант пен жарты миллион алтыннан талап алыпты.
***
Вавилонда басқарушыны қайта сайлаудың бір қызық әдісі болыпты. Ол үшін Вавилон билеушісі елдегі ең басты құдай орналасқан Мардук храмына келіп, тізерлеп тұрған күйі халқы үшін ешқандай жамандық істемегенін айтады. Сосын оны бір адам шекесінен шертіп, басынан ұрып, құлағынан сүйрейді. Осы және басқа да рәсімдерді атқарған патшаны «сынақтан өтті» деп есептеп, қайтадан басқарушы етіп сайлайды екен.
***
Спартандық балғындар әскери мектепке 7 жасынан бастап қабылданады. Олардың ең бірінші тапсырмасы - кендірден жасалған жамылғыға ұйықтау. Осы қатты кендір олардың өмір бойғы төсегі болған. Оларды әрдайым жүгіруге мәжбүрлеп отырған. Жүгіре алмаса үлкендері аяусыз жазалайды. Кейде балалар осы ауыртпалыққа шыдамай зорығып өліп те кетеді. 13 жыл оқып, 20 жасқа келгенде олар солдат атанады. Сөйтіп 60 жасқа дейін әскери қызмет атқарады, казармада тұрып, баршасына ортақ қазаннан ас ішеді.
***
Ұлы Атилла неке түні қайтыс болған. Мұрнынан қан кетіп өлген Атилланың өлімі әлі күнге дейін жұмбақ. Оның мәйіті алтын, күміс және металлдан жасалған жәшікке салынды. Мүрдені алысқа жерлеп, ешқандай белгі қалдырмады. Және жерлеуге қатысқан куәгерлерді соңынан түгел қырып тастаған.
Дайындаған: Жансая СЫДЫҚБАЙ