Жұма, 11 Қазан 2024
1850 0 пікір 20 Маусым, 2022 сағат 13:09

Мамин үкіметі 200 миллиард теңгені қайда жұмсаған?

«Асқар Мамин үкіметі Ұлттық қордан бір жылда 200 миллиард теңге жаратып жіберген”,- деп хабарлайды Dala инсайд телеграм арнасы.

Арнаның мәліметінше, 2021 жылы Ұлттық қордан 4,5 триллион теңге алынып, тек 4,3 триллион теңге түскен.

Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованың сөзінше, 2015 жылдан бері шенеуіктер Ұлттық қорды белсенді тұтынып келеді. Соның кесірінен ол 2022 жылдың басында 55 миллиард долларға дейін қысқарған. Бұл ретте осы ақшаны пайдаланудың арнайы заңы бар екенін айту керек. Бірақ ол орындалмай келеді.

Айта кетейік, биылғы Қаңтар оқиғаларынан кейін Мамин бастаған ескі үкімет таратылды. Асқар Маминнің өзі 5 қаңтарда отставкаға өтініш беріп, қызметінен кетті. Оның орнына Премьер-министр болып Әлихан Смайылов сайланды.

 

Abai.kz

0 пікір