Аға жайлы сөз...
Мен Қанат Қамбарұлын бұрыннан білемін.
Тіпті ертеден.
Қанат Қамбарұлы Ахметов есімі биологтардың ішінде белгілі, құрметпен айтыларына да қанықпын. Ғалым жайлы айту, егер айтпақ кейіпкеріңіз шын кәнігі, терең профильді ғалым болса - өте ауыр.
Өйткені ол сенің аз білер салаң, араласпаған ортаң. Соноу шақта Ламарк енгізген «биология» ілімінің негізі өмір деген сөзден бастау алады. Медицина, ветеринария, агрономия, зоотехника, психология, азық өндірісі, фармокология, биотехнология, селекция т.б. секілді бүгінгі күнге керек ғылымдар бастауында биология бар.
Мен секілді биология ілімінен алшақ адам Қанат ағамен әр сөйлескен шағымда вирусология, бактериология, микология, арахнология, акарология, энтомология, клеоптерология, териология секілді құлағыма жат, санамнан алыс терминдерді естіп осы категориядағы тіршілік иелері туралы мол қанығып қаларым анық.
Малекулярлы биология, цитология туралы да сөз қозғалып, этологияның салдары ұлттық танымға әсер етпей ме, деген сұрақ сауалдарға да жауап іздеп кетеріміз де болады.
Қанат Қамбарұлы әр жаңалығы мен өз ойын айтарда ҰЛТ ТАНЫМЫНА мән бере отырып, осы туралы қазақ жұртында қандай түсінік бар еді деп өзіне де, өзгеге де мән беріп пікір парасатына байлам тастап отырары да бар.
Сонымен...
Ғалым
Ғалым дегеніміз сұраққа дұрыс жауап беретін емес, дұрыс сұрақ қоя білетін адам.
Клод Леви Росс
Биологияда әр жаңалық бақылаудан бастау алады. Біздің кейіпкеріміздің де зерттеген дүниесі ұзақ жылдардың жемісі. Қанат Қамбарұлының кандидаттық дессертациясы жалпақ құрттардың бір класы сорғыш құрттар жайлы. Ғалым өзі айтқандай бұлардың 4 - 30 мыңдай түрі бар. Бұлардың бәрі паразиттік ғұмыр кешеді.
Шын дәрежесінде осындай күрделі тақырыптарға бару үшін терең ақылмен бірге қажырлы қайрат керек. Ұлы жаңалықтар ұзақ ізденістен соң ғана ашылады. Бұл ғылымның жазылмаған заңы. Қанат Қамбарұлы осы бір күрделі саланы ертеден зерттеп келеді. Қай кезде кабинетіне кірсем де оң жағында микроскоп тұрады.
«Трматодтың көбею жолдары микроморфологиясы мен гистохимиясы» бұл ғалымның кандидаттық дессиртациясының тақырыбы. Трматодты зерттеу ыждаһатты қараумен бірге талмай ізденуді керек қылары сөзсіз. Қарапайым көзге түспес жалпақ құрттарды электронды микроскоппен, ягный осы күнгі сөзбен айтсақ - наноструктурасын бақылау, оны қағазға түсіру, ақпараттарды қорту сол арқылы байлам жасау ерен еңбек көрінісі.
Жалпақ құрттарды зерттеу өткен ғасырда белең алды. Паразиттік ғұмыр кешетін бұл тіршілік иелері, өте жылдам дамиды. Салар жұмыртқасы аса мол. Бәріне тән белгі екі сорғышы болады. Қанат Қамбарұлы осындай қазақ баласына аса тән емес ғылым саласының алғашқы қарлығаштарының бірі десек жаза баспаймыз.
Кейінгі докторлық диссертациясы да осы еңбектің арғы жалғасы тектес. Трматодтардың терілік-бұлшық еттік қабаттары мен асқорту қызметінің ерекшеліктерін электрон микроскопия әдісімен зерттеуге арналған. Жалпақ құрттардың бұл тобы өзгеруге бейім әрі ыңғайланғыш.
Ізденіс жолында анықтаған жаңалықтарын Қанат аға Ахметов Великобритания, Венгрия, Словения, Италия, Чехия, Хорватия секілді елдердің лабораторияларында пысықтап, жаңа тәжірбие жинақтап өз білгенімен бөлісуде. Яғни, ғылымдағы алдыңғы қатарлы шетел қазақ ғалымымен бірге жұмыс істеуде.
Қ.Қ.Ахметов Жоңғар Алатауы, Зайсан ойпатының биоортасы, әртүрлілігі бойынша Қазақста-Ресей-Ағылшын ғылыми-зерттеу экспедициясының жетекшісі болып, қызықты да, қырауыр жұмыстар атқарды, жаңа пайымның, соңғы тұжырымдардың концепциясын жасады.
Табиғаттағы көптеген сыр – ашылмаған сиқыр сандық, солардың бірі деп ветеренария ғылымдарының докторы профессор Жұмаш Амангелді Сәлімгерейұлымен, Ресей ғылым академиясының корреспондент мүшесі Донченко А. С. бірге бұзаубас қоңыдың туберкулез қоздырғыштарына қарсы қасиеттерін зерттеу жұмысы. Әрине бұл ізденістің болашағы бар, ол алдағы мақсаттардың бірі.
Павлодар қаласының тұрғыны ретінде, Қазқонақ – табиғи ескерткіштің сақталуына біраз қызымет жасады, 90-ы жылдар басында қоқыс орнына айналып баражатқан кезде, назар аудартып қолдау тапты. Осы сала ағамызға жат жұмыс емес еді, ол елімізге танымал, көрші елдердің - Ресей, Грузия ғалымдарыменен еліміздің бірнеше экспедицияларында, бірнеше аймағында жұмыс жасады. Оның нәтижелеріде жаман емес.
Осы орайда Павлодар меммлекеттік институтында 2005 жылы Палеонтологиялық отрядттың ашылуына мұрындық болған да осы адам, бұл құрылым жылсайын жұмысын істеп келеді, ерекше тарихи орынды қалпына келтіру, сақтау секілді кесек істер Қанат Қамбарұлының ғалымдық портретін ашады.
Ұзақ әңгімелескен бір тұстарда жазда маза бермес шіркей жайлы да айтып қалды.
- Жалпы шіркейлер табиғатында бәрі дерлік қансорғыш емес.
- Қызық екен...
- Иә, қызығы сонда.Шіркейлер, Ертіс өзенінің орта ағысында, балаңқұрт шағында керек асылын таппай қалады.
- Неліктен.Бұл табиғатта бұрыннан солай ма?
- Бұрын бәрі ойдағыдай, өз заңымен жүрген. Бірақ 70-і жылдардың ортасынан бастап шіркей балаңқұрттары күш алар кезде Бұқтырма су қоймасының артығын Ертіске жібереді. Кенерінен асқан су бар балшық, құм, күл, саз осы жерге келеді, аса жылдамдықпен келген лайлы суға шайылып кетпес үшін қорегі аз жерлерге бекініп дами бастайды. Осы қиындыққа кезігіп дамыған балаңқұрттан шыққан ересек аналығы шіркей, ұрпақтарын көбейту үшін қорек көзі ретінде альтернатива есебінде адамға шабуыл жасай бастайды. Шіркейдің ер тұқымдысы қорегін өсімдіктен алады. Демек жер бетіндегі көп залалды адамның өзі тудырады. Сол үшін зардабын тартатын да өзі...
Болған іс болды, енді осы орайда шешім шаралар іздеу қажет болған соң, келесі жұмыс атқарылды. Қанат Қамбарұлы ғалым ретінде Ресей, Новосібір «Сибиофирм» компаниясының тапсырмасы бойынша маса балаңқұрттарына қарсы қолданатын «Бактицид» препаратына шіркейлер балаңқұрттарына қарсы пайдаланануға технологиясын жасап қолданысқа енгізді. Осы технология «Кедендік мемелекеттер одағына» падалануға ортақ деп бекітілді
Ары қарай үнсіздік...
Шіркейге қарсы қолданатын препаратың аталуы тораңғы ағашына байланысты. Тораңғы – шөлде өсетін терек ағашы екенін де естіп таң қалғаным да рас. Мысалы осы тораңғының атын ғалымдар осы күні қансорғыштарға қарсы қолданып жүрген препараттың негізі болып табылатын микробқа берген – жәй тілмен жазсақ- турангиензис деп аталады. Бұл ағаш тек бізде ғана өседі – Іле өзенінің бойында!
«Bacillus thuranqienesis» деп аталар препарат кейінгі кезде осы негізде АҚШ-та «Вектобак», Ресейде «Бактицид» деген атпен шығып жатыр. Бұл препарат тек маса, шіркей балаңқұрттарын ғана өлтіреді.
Қанат ағаммен әр әңгіме мен үшін үлкен мектеп, ОРДАЛЫ қазына.
Ағаның өз сөзі...
Мен 1961 жылы 10 ақпан күні Павлодар облысы, Қашыр ауданына қарасты, Песчан асылтұқымды зауытна қарайтын, Ертіс өзеннінен 30 шақырым дай жерде, қыр далада жатқан Барқы деп аталатын, кішкентай, қазақ тұғындары бар ауылда дүниеге келіппін. Барқы деген не атау екенін енді біліп жүрмін, менім ойымша Уақ руында аты шыққан батырдың есімен аталған болу керек. Бұл ауылдың осы күндері орны да жоқ. Тек төбеде орналасқан зираттар арқылы болғанын ел болғанын сезуге болады. Ауылға жақын биіктеу жерде ескі зираттар болатын, менің бала кезімде де олар ескі екені білінетін. Сазбалшыққа жылқы қылымен қой ешкі жүні араластырып жасаған күйдірмеген керпіштен соқтырылан болу керек, әліде сол жартылай сынып кираған түрінде тұр.
Үйде төрт қыздан кейін туыппын, атымды үйдегілер Қанат деп атап қойыпты. Жалаң аяқ, таяқты ат қылып мініп, нөсер жылы жаңбырдан кейін қуана шапқан ауылым сол Барқы. Бул ауыл тіпті өте кішкентай болса да, осы күні мен ойласам қазақтың бір кіндігі, бір ерекше қасиеті бар болатын жылылығы жайылған жер еді. Мүмкін кіндік қаным тамған жер болған соң солай болар ма. Әкем сол ауылдың басшысы, агрономы болатын. Менің ойымша ол кісіні барлығы шынайы силайтын.
Есімде, бала кезіміде, үйдегі ауыл жұмысы малға қараумен өтетін. Осы мал демекші, мал өрістен қайтарда, ауылдың шетінде мал келер жағында ауылдың үлкендері – қариялары жиналып түрлі әңгіме, естегілерін ортаға салып отыратын, біздер –балалар сол үлкендерге жақынырақ отыруға тырысатынбыз. Малды тосуға мен әдейі, әлгілерге жақынырақ жерден орын алу үшін ертерек баратынмын. Көп қызық әнгіме, дастан, жырларды сол жерде естігенім есте қалды. Сол ақсақалдар біздерді шеттетпей, кәдімгі тәрбиеледі деп ойлаймын. Әсіресе Жұмабек деген, соғысқа қатынасқан ақсақалдың әңгімесі, жыр дастандары қатты қызықтыратын, тіпті өзі шығарған ауылымызға арналған өлеңдері әдемі, көркем болып көрінетін (кей жерлерін ұқпасам да), майданда жүріп шығарғандары да көп сияқты болатын. Ең алғаш рет сол ауылда қазақтың батырлары туралы, ежелгіден қазақтар жер үшін ел, қамын ойлап күресіп тыным таппағанын білдім. Орыс-казактары туралы, олардың қазақ ішіне қалай келгенін, кімді қай жерлерден қуғаны жайында естісем де, көбін шала тыңдап балалықпен жүрсем де, бұл менің ұғынған тарихым. Өз жері үшін жан беріп, жан алған аталарымыз болғанын мен сонда ұғынғанмын. Кейін терең ғылымға барғанда да, мен қазақ деген ұлттың баласымын, мен неге кем болуым керек деген намыс жанымды қайрап тұратын.
Азамат
Елін сүймеген, ештеңені сүйе алмайды
Джордж Байрон
Бүгінгі қырық қырлы жағдайларда сырты мақтаулы, көпірме сөзді көп адамның ішкі әлемі сонша суық, әрі бос екенін де білемін.
Қанат ағамыз олай емес!
Әр кезде, әр жағдайға да өз көзқарасы бар. Айнымас ақиқат жолынан азып, шалыс баспасын қасында жүргендер де біледі. Соноу бала кезінен қалған қымбат тәрбие, жақсы тұқымның, асыл нәсілдің көрінісі осы болса керек.
Дүние асты үстіне түсіп жатқан шақта да, өзге ел ыңғайлы кәсіп, пайдалы нәсіп тапқан уақта да, біздің кейіпкеріміз әу баста таңдаған жолдан шет кетпей, ғылым жолынан алыстамады.
Тіпті ерлікке бергісіз ерен еңбектер атқарғаны да белгілі.
А.Д.Фрезоргер ректор болып тұрған шағында, Қ.Қ.Ахметов жаратылыстану институтының директоры еді. Оқу ғимараттарының көбі сатылымға шығарылып, жекешелендіру деген ел желкесін қияр кезең.
Осындай қысталаң күнде бүгінгі педагогикалық университеттің бас ғимараты талапайға кетуге ыңғайланған. Сол кездегі басшылық (ректормен бірге) бұған дейін қаншама шәкірт өндірген орданың төбесі тозып тұрғанын желеу етіп, сатамыз деп шешкен. Өзі оқыған оқу құжырасының әр бұрышы ыстық жан, бұған қол қусырып қала алмаған. Ғимаратты жумыс калпында сактауга үлесiн қосты.
Дерегіміз бүгін ертек көрінсе де, сол уақытта жанқиярлық қадам болатын. Кешегі күндегі бәрін сату керек деген дүрбелеңді, үрейлі сәтте, ғылым ордасы аман болуға тиісті, әрі ол мемлекеттік бейнеде болу қажет деген шын отаншыл жүректің қылығы болатын бұл.
Ғылым мен білім ел қазынасы болу керектігін ұғынған Қанат ағамыз керекті жабдықтардың бiразын өзi алып өзі жүріп зейнетті де, бейнетті іске кіріскен ( 1996-2000 бұл Кеңестік жүйенің құлаған шағы еді ).
Қанат аға әрбір әлсіздің қасынан табылар жанашыр аға, адалдықтан таймас дос. Бұны өз басымнан өткен оқиғадан да білемін.
Ғылыми жұмысты тастаған емес, докторлық диссетрацияны дайындау үшiн алдын ала далалық материал жинау қажеттiгiне байланысты барлық бос уакытты өлкемiздiң талай жерiнде болып жұмыс жасады. Жиналған материалдарды лабораториялык өңдеу, химиялық құрылымын анықтау, электронды микроскопиялык әдiс арқылы клеткалык ерекшелiктерiн анықтау жүрiп жатты.
Сонымен катар 90-ы жылдар аяғында қаламызды шiркей мәселесi ушықтырды, аялдамаларда, саяжайларда, тiптi ашық жүріп қыдыруға, қыстан кейін таза ауада демалуға мүмкiншiлiк болмайтын болғансоң, өңiр басшылыгы университетке жүгіндi. Жоғарғы оқу басшылығы, бұл жұмысты Ахметовке яғни,Қанат ағаға жүктедi, осылай ағамызда жана ғылыми бағыт басталып кеттi. Облыс әкiмi күнде өзi, ушықтырып турған мәселенi шешу үшiн керектi мамандарды, мекеме басшыларын жинайтын болды, олардың арасында ағамыз да болды.
Бiрақ бұл түйткілді жайды шешу жұмысына келгенде, Канат ағамыздың, ғылымға сүйенiп жасаған ұсыныстары дұрыс деп саналып iске аса бастады. Жалпы ғылымның «ақылды күш» екенi анық бiлiндi. Бiр ай бойы шiркейлердi зерттеу үшiн таңның атуы, кештiң батуы жұмыспен болды. Оны тек жанұясы анық біледі. Тiптi шiркейлердiң қайдан шығып, калай көбейетiнi, жарыктың әсерi, желдiң күшiнiң әсерi тағы басқа қасиеттерi зерттелдi. Cөйтiп осы күндерге шейiн колданып жүрген әдic алгоритмы жасалды. Осы күндерi обылысымызда шiркеймен жұмысты ғылыми кәсіби етуде жүрген барлық мамандарды Қанат Ахметов өзi таңдап тәрбиелеп шығарды, бәрi дерлiк оның шәкiрттерi. Осы жұмыс оның өңiрге жасаған еңбегi, оны облыс тұрғындары бiлген дұрыс деп санаймын.
Бұның бәрі тамырлы тәрбиенің жемісі!
Қанат ағаның өз сөзі....
Ауылдың шетінің бәрі егін болатын, кей жерлері жыртылмай қалатын, әсіресе шілік маңдары, сол жердерде бозтоғайдың ұяларын тауып алып қызықтайтынмын, тіпті күн сайын барып ақырын қарайтынмын. Осы бозторғайдың шырылдап көтерілгені маған осы күнге дейін ұнайды, көктемде, жазда осы торғайлардың үнін есту үшін, қолым қалт еткенде далада алшақтау жерге барып тұрамын. Балалық шағым еске түседі, әкемммен бірге бала кезімде егінді атпенен аралайтынбыз, сол үшін мені ерте ұйқылы-ояу кезімде жанына ертіп алатын. Содан болса керек даланы осы күнге дейін жақсы көрем.
Ауылдың маңында әдемі жер атаулары әлі есімде Ақмаңдай, Сарыат, Байсал т.б.
Әкемнің көкірегі ояу, көзі ашық адам болатын, менің Ахмет атамның кенжесі. Ол кісі Ойбай деген жерде (кәзіргі темiр жол көпірі мен авто көпір арасында) Ертістің сол жағасында мың тоғыз жүз отызыншы жылы дүниеге келіпті.
Ахмет атамыз ашаршылықтан қашып жанұясын, балаларын аман-есен алып қалу үшін сол жылдары Ішке (Новосибир обылысына әжеміздің туыстарын паналап, Қарасуықта болыпты), сонан ел жағдайы қалыпқа келгенде, қайта елге оралыпты. Әкем мектепке сол Қарасуықта барып, бастапқы мектепті сол жерде оқыған екен. Атам соғыстың алдында елге оралып колхоздын малын бағыпты, оның өзін әкем баққан секілді, себебі Ахмет атам кеш үйленіп, соғыс алдындағы жылдары жасы ұлғайып қалған болу керек, оған қоса жасы келген кездерде асау үйретем деп аяғы сынып, өзі сынған сүйектердің етін кесіп алып тастап асауға қайта мініп үйге келіп, біраз уақыттан соң – ақсақ Ахмет атанып кетіпті.
Атамыз Ахметтің қазған құдығы Аксуға қарасты Шаңды деген жерде әлі бар, ол жерді осы күнге дейін «Ахмет құдығы» деп атайды.
Сол жерді паналап, мекен еткен адамдар осы күнге дейін рахыметін айтады. Соғыс жылдары әкем 11-12 жасында колхоздың малын бағып, малға шапқан иттерді мінген таймен ауылға айдап келгенде, қасқыр екенін бірақ білген екен (ол жеке әңгіме).
Анам осы Керекудікі. Әрине әкемнің де, анамның да аталары Ертіс бойына Баянның әулиелі Қызылтау маңынан келген.
Ахмет атам домбыраға өте шебер, күй тартатын, тіпті Баяннан көшіп келе жатқанда інісі суға кетіпті, соған шығарған күйі де болатын деп әкем айтатын. Атам тұйық адам болыпты, күйді тарта-тарта терлеп үндемей ұзақ отыратын деп әкем еске түсіретін. Өнердің өзгеше түрі домбыраны меңгерген осы атамыздың бар қарымын, қазынасын бағалар бүгін шамамыз жоқ. Қанмен келген қасиет болар қазақтың әні мен күйін естігенде жан мұңданып, кеуде тұсым мұңдана жылары содан болар деп ойлаймын.
Әкем, Барқы ауылында ораза, омыртқа уақытында жинаған ақсақалдарға батырлар жырын оқитын, сонда әлгі кісілер кей жерлерінде күліп, кей жарлерінде жылап отыратын
Мектепті әкем жаяу, жетінші ауылдан (Ленинский) жолшыбай бара жатқан, келе жатқан көлікпен барып Ақкөл мектебінде бітірген. Сонан соң Павлодардағы «ауыл шаруашылық мектебінен» агроном мамандығын алған, сонан соң Ермак «машина трактор станциясында» агроном, комсомолда қызымет атқарыпты, Песчаноеда агроном болды , ол жақта астық бітік,күшті шығатын, Кенжекөлде агроном болып зейнетке шықты.
Қамбар атамызды өзіміз анық етене танымасақ та, бес уақыт намазынан қалмаған маңайына силы, насихаты кең ақсақал болғанын өзіміз де көрдік.
Ұстаз
Маған үйге үй тапсырмасынан басқа тағы да ойландыратын тапсырма беретін ұғалімдер ұнайды.
Лили Томлин
Қанат аға туа бітті ұстаз. Мен қай кезде барсам да кабинеті босамайды. Есігінің алдында жазып жатқан, ия жазбақ мақаласын құшақтап тұрған студенттер, магистранттар, доктаранттар тіпті оқушыларды да көремін. Өз қызым мед.академияға тапсырмақ болып даяралар кісі іздегенде.. «өздеріңде Қанат Қамбарұлы бар емес пе» дегенде тосылып қалғанымыз да шындық.
Уақыты қымбат ағаның мазасын алғымыз келмегеніміз рас артынан.
Жұмыспен жүрер, зерттер сферасы кең ғалымның қасында өзің де артық сөйлемеуге, сағатын паршаламауға тырысарың белгілі.
Мен Қанат ағаның алдынан қаншама шәкірттер өсіп-өніп шығып, кандидат болып кеткенін білемін. Тіпті кейбірімен өзі жазып жүрген тақырыбындағы бар еңбегін суырып беріп, қорғатып бүгін алды проректорлар т.б. қызметтерде жүргенінен де хабардармын. Шәкірті болып жүріп шуағын көргендер, шалқақ кетіп жатады. Қанат аға арқасында біраз гылым кандидаттары және биологиядан PhD атақтарын алды, олар Алматы университеттерінде, ресейдің Новосибирск қаласындағы гылыми зерттеу институтында, өзіміздің қаламыздағы университеттерде қызыметтерін атқарып жүр.
Жастар өссін деген аға көңілмен ұсынған ғылыми жобаларымен бүгін атақты-даңқты болып жүргендер де белгілі.
Үлкен жолдағы ірі қадамды, дархан жүректі ғалым Қанат ағам «бұныңыз не» деп сұрап қалғанымызда, күле, жүре жауап береді.
- Алатынымыз болған соң алады да, - деп жымияды да қояды.
Қанат аға Қамбарұлының алдын көрген қанша шәкіртті көрсем де ұстазы жайлы бейсуат әңгіме айтқан бір адамды көрмеппін!
Бұл орасан зор баға.
Қанат Қамбарұлымен әр әр әңгіме өзгеше бір құбылыс.
Әлем әдебиеті мен тарихынан мол хабардар бұл кісі қай салада болсын қамшы салдырмайды. Ел тарихы мен әлем тарихы жайлы өз ұстанымын ұсынып, оны қорғай да біледі.
Терең интеллектің, байыпты білімнің туын көтеріп, сыбай шығармай өзі жөндеп отырады.
Ғұн тарихымен бастап, Орхон-Енесай жазбаларын еске сала сөйлегенде «мен әдебиетшімін» дегендерді тосылтар сөз айта алады.
Сондай тұстарда алаш қайраткелерінен қалған сыпа мінез, ескі қазақи ақсүйектік бет береді.
Кереку өңіріндегі көп адамды таниды. Қасиеттерімен біледі. Жақсысы мен жаманын қаузап талдамайды. Кейбіріміз секілді кірісіп кетіп эпитет, метафорасыз сөйлеп кетпейді. Бұрынғы ескілікті ақсақалдар секілді ешкім жайлы кесіп айтпайды.
Кім туралы болсын жамандап, сөгіп айтқанын естімеппін. Бұл қажырлы ішкі қуаттың белгісі деп ұғамын.
Қанат аға сөзі....
Менен кейін бір інім бар, қарындасым болған қайтыс болды, одан қалған бір ұл бар
Жолдасым Гүлшат, екі балам бар – бір қыз, бір ұл. Ұлдан екі немере бар тұнғышы Ақылбек, кішісі Алдияр деген «батырлар». Осы күнгі қызығым солар. Ақылбек деп тұнғыш шөбересін әкем атап кетті, Ахмет атам өзінің інісінің есімін, шөбереңе қой деген болу керек.
Мен Песчаное орта мектебін бітірдім, Павлодар монтаждау техникумында оқыдым сонан соң Павлодар педагогикалық институтында Ленин стипендиаты болып 1985 жылы тәмамдадым. Каз ССР ҒА Зоология институтында биология гылымдарының докторы, профессор Панин В.Я. жетекшілігімен кандидаттық 1990 ж, 2004 докторлық диссертация қорғадым.
Диссертацияма бата бергендер есімдерімен мақтанамын олар академик Гвоздев Е.В. - Каз ССР ҒА вице президенті болған адам – СССР белгілі паразитологі, ол кісі маған біраз кітаптарын силап кетті, өз кітапханасынан. Ш.К. Сатпаева –белгілі медик, медицина ғылымдарының докторы,себебі менің ғылыми жұмыстарым паразитология медицинағада қатынасы бар.
Қортынды
Бүгін қалың жарнама, қызыл жасылды сөзге құмармыз. Менімше ең басты дертіміз қасымыздағы ЖАҚСЫНЫ БАЙҚАУДАН қалып барамыз.
Ел үшін тер төгіп жүрген, нағыз еңбек торылары сөздің емес- істің иелері ескерусіз қалып қоятын секілді.
Шын ғалым Қанат аға Қамбарұлы жайлы бұл кең айтылар сөздің бір парасы, қалағаны кейін.
Бүгінгі күнде сіз зерттеп жүрген сала неге жеткізеді дегенбіз...
Ғылымы дамыған ел ғана тәуелсіз болады енді, біздікі кейінгі ұрпақ жатқа қолын жайып қалмасын деген бір үміт, - деді Қанат аға...
Cерік Елікбай, жазушы
Abai.kz