Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4838 0 пікір 23 Қараша, 2012 сағат 01:18

«Нұр Отан» халықтық партиясы - халық қамқоршысы

Өскеменде «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының ХІІІ есеп беру-сайлау конференциясы өтті.

Конференцияға «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының төрағасы Бердібек САПАРБАЕВ , Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары Сергей Плотников, Төлеген Ыбыраев, Николай Кузьмин, Ахмед Мурадов, бастауыш партия ұйымдарының делегаттары, облыстық мәслихаттың депутаттары, қалалар мен аудандардың әкімдері, партияның аймақтық филиалдары жетекшілерінің бірінші орынбасарлары, атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылары, қоғамдық-саяси ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

«Нұр Отан» ХДП Шығыс Қазақстан облыстық филиалы саяси кеңесінің 2011-2012 жылдардағы қызметі туралы» басты баяндаманы партия филиалының төрағасы, облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ жасады.

Ол биыл біздің еліміз «Қазақстан Республикасын дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиясы» мемлекеттік бағдарламасының 15 жылдығын және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін бірінші желтоқсанда алғаш рет атап өтетінімізге тоқталып өтті.

Қазақстанның гүлденіп көркеюі жолында жасампаздықтың жарқын істерін жүзеге асыруды мақсат тұтып, кемел болашаққа нық қадам басу біздің еліміздің азаматтары үшін әрдайым басты бағыт болып отыр. Бердібек САПАРБАЕВ облыстық партия ұйымының өткен мерзімдегі жұмысын қорытындылады.

Өскеменде «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының ХІІІ есеп беру-сайлау конференциясы өтті.

Конференцияға «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының төрағасы Бердібек САПАРБАЕВ , Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары Сергей Плотников, Төлеген Ыбыраев, Николай Кузьмин, Ахмед Мурадов, бастауыш партия ұйымдарының делегаттары, облыстық мәслихаттың депутаттары, қалалар мен аудандардың әкімдері, партияның аймақтық филиалдары жетекшілерінің бірінші орынбасарлары, атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылары, қоғамдық-саяси ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

«Нұр Отан» ХДП Шығыс Қазақстан облыстық филиалы саяси кеңесінің 2011-2012 жылдардағы қызметі туралы» басты баяндаманы партия филиалының төрағасы, облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ жасады.

Ол биыл біздің еліміз «Қазақстан Республикасын дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиясы» мемлекеттік бағдарламасының 15 жылдығын және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін бірінші желтоқсанда алғаш рет атап өтетінімізге тоқталып өтті.

Қазақстанның гүлденіп көркеюі жолында жасампаздықтың жарқын істерін жүзеге асыруды мақсат тұтып, кемел болашаққа нық қадам басу біздің еліміздің азаматтары үшін әрдайым басты бағыт болып отыр. Бердібек САПАРБАЕВ облыстық партия ұйымының өткен мерзімдегі жұмысын қорытындылады.
- Біз өз қызметімізде партияның облыстық филиалын кадрлық, идеологиялық жағынан күшейту және аймақтық филиалдар мен бастауыш партия ұйымдарының жұмысына саяси менеджменттің қазіргі үлгілерін енгізу міндеттері қойылған болатын, - деді ол.

Облыстық партия ұйымының құрамындағы 543 бастауыш ұйымда 72500-дей адам бар. Есепті мерзім аралығында облыстық партия ұйымының қатарына 5900 адам қосылды. Аймақтық жүйе бойынша қайта құру және бірігу есебінен 11 бастауыш партия ұйымы қысқарды.

- «Нұр Отан» жұмысының басты бағыты еліміздің Көшбасшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ барлық бастамаларын, мемлекеттік бағдарламаларды қолдау болып отыр, - деді аймақ басшысы. - Бастауыш партия ұйымдарының төрағаларына қоғамдық негізде жұмыла жұмыс істеп жатқан қажырлы еңбегі үшін алғысымды білдіремін.

Барлық әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыруда бастауыш партия ұйымдары үнемі белсенділік көрсетіп келеді. Әлеуметтік жүйеде және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту», «Жол картасы» бағдарламалары бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарда, сондай-ақ барлық денсаулық сақтау мекемесінде және басқа да орындарда 341 партиялық бақылау бекеттері ұйымдастырылған. Олар 600-ге жуық құрылыс нысанының жұмысын да қадағалап отыр.

Облыс Әкімі бұл бағытта «Защита» темір жолы бөлімшесі бастауыш ұйымының, Өскемен қалалық партия филиалы өнеркәсіп кәсіпорындарындағы бастауыш ұйымдарының. Семей партия филиалы «Ибраев и К» бастауыш партия ұйымының және басқаларының жауапкершілікті сезіне отырып, тындырымды жұмыс істеп жатқандарын атап өтті.

Баяндамашының айтуынша партия ұйымдарының жұмыстарында сандық және сапалық өсуі алдағы уақытта да басты бағыттың бірі болып отыр. Бұған қоса біздің қоғамда белең алып отырған сыбайлас жемқорлықпен күрес те маңызды міндет болып қалады.

«Өзіңнен баста» акциясы аясында 725-ке жуық әртүрлі мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың басшылары өз табыстары туралы бұқаралық ақпарат құралдарында, сонымен қатар облыстық партия сайтында жариялады.

Сондай-ақ 20 қазанда партиялық бақылау комитетінің төрағасы Боран Рахымбековтың қатысуымен өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық форумында проблемалар мен қиыншылықтар жөнінде ашық айтылды. Аталған комитет төрағасының айтуынша біздің облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары жақсы деңгейде жүргізілуде. Партияның орталық аппаратына шығысқазақстандықтардан түскен шағымдар тасқыны бұрынғыдан әлдеқайда азайған.

- Бүгінгі күні қоғамның және «Нұр Отанның» алдында партияның сайлауалды тұғырнамасында белгіленген жаңғырту мен жаңалау бойынша үлкен міндеттер тұр. «Жаңа тұғырнаманың орындалуы партия басшылығының қатаң бақылауында болуы тиіс», - деген еді «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев партияның ХІV сьезінде сөйлеген сөзінде. Осыған орай әртүрлі деңгейдегі билік органдары «Нұр Отан» ХДП фракцияларының жұмыстарына көп көңіл бөлініп келеді.

- Депутаттық корпустың жұмысына сайлауалды аманатттарын орындауға бағытталған қазіргі талапқа сай істің ыңғайын табатын тәсіл, ықпалды идея, озық әдіс керек. Біздің фракцияның мәслихаттардағы жұмысын жаңаша қарастырып, басты бағытын белгілеп, жергілікті жердегі сайлаушылармен жиі кездесіп, жұртшылық алдында көшбасшылық пікірді қалыптастру керек, - деді баяндамашы.

Сайлаушылардың аманаттары мен ұсыныстарының орындалуын сондай-ақ депутаттардың сайлауалды бағдарламаларын күшейту, депутаттық тұрғырнамаларының орындалуын бақылау, соларға мониторинг жасау, мемлекеттік саясаттың негізгі мәселелері бойынша партиялық ұстаным қалыптастыру, және оның жүзеге асырылуына бақылу ұйымдастыру бағытында мәслихаттарда партиялық үйлестірушілер институты құрылып жатыр.

- Қазіргі уақытта республикалық деңгейде құрамында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің 17 депутаты бар партиялық үйлестірушілер институты құрылды, - деп атап өтті Бердібек САПАРБАЕВ. - Ал облыстық деңгейдегі облыстық мәслихат депутаттары арасынан беделді де белсенді 17 партиялық үйлестірушіні ұсынып отырмыз.

«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясынан сайланған мәслихаттар депутаттарының белсенділігі төмендегенін баяндамашы өз сөзінде атап өтті. Партияның рөлі мен имиджін көтерудегі жүргізіліп жатқан жұмыстарды барынша жандандыра түсу керек. «Қазақстан. 2017 мақсаттар. Іс-әрекеттің ұлттық жоспары» партияның сайлауалды тұғырнамасының сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуде депутаттарға сенім артылады.

Бұл тұрғыда Глубокое, Катонқарағай, Жарма, Зайсан, Тарбағатай аудандары, Өскемен, Семей қалалары депутаттық фракцияларының жақсы жұмыстарын атап өтуге болады. Партия филиалдарының жанынан тұрғындарды толғандырған көптеген мәселелеріне байланысты прокуратура, қаржы полициясы, ішкі істер департаменті органдарының басшылары қатысуымен қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырылады.

Биылғы жылдың он айында партияның облыстық филиалына 2255 өтініш түскен. Мұның 331-і оңтайлы шешіліп, 664-не заңнамалық кеңес берілген.
Жастармен жұмыс істеу де партияның басым бағыттарының бірі болып отыр. Біздің облыста «Жас Отан» жастар қанатының 19 бөлімшесі жұмыс істеп жатыр. 16-шы қарашада Астанада «Жас Отан» жастар қанатының екінші сьезі болды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сьезде сөйлеген сөзінде жастардың күш-қуаты мен әлеуеті бүкіл елімізге аса қажет екенін айрықша атап өтті. Жаңа стратегия жастарға тың серпін берді.

Баяндамасын қорытындылай келіп Бердібек САПАРБАЕВ тағы бір маңызды бағыт-бұл облыстық партия ұйымының идеологиялық және саяси-көпшілік жұмыстары екенін конференцияға қатысушылардың назарына салды. Идеология қоғамды дамытудың қозғаушы күшіне, қоғамды жұмылдырудың саяси құралына айналып келеді. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іскерлік байланыс та маңызды мәселелердің бірі болып табылады. «Нұр Отан» электорондық және басылымдық бұқаралық ақпарат құралдарына құрметпен қарайды.

- Журналистер қауымына алғысымызды білдіреміз, - деді аймақ басшысы. - Біздің газеттердің беттерінде, теледидар экрандарында партия қызметі көлемді әрі кеңінен беріліп жатыр. Бізде жағымды тәжірибелер де бар. Өзіміздің «Шығыс үні-Голос Востока» газеті мен сайтының ашылуы да партиялықтар үшін басты жаңалықтардың бірі болды.

Баяндаманы талқылауға «Нұр Отан» ХДП Зайсан аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қазыбек Биқадамов, Глубокое аудандық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, «МЕИР» жауаркершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Леонид Козлов, облыстық мәслихаттың депутаты, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, Шәкерім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры Шәріпбек Әмірбеков және басқалары қатысты.
Конференцияда Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Төлеген Ибраев сөз алып, аймақ басшысының, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының төрағасының баяндамасында партия органдары үшін басты міндеттер айқындалғанын атап өтті.

- Қазақстан Республикасы-болашаққа батыл қадам жасап, тұрақтылықты сақтап отырған мемлекет,- деді Төлеген Ибраев. - Тәуелсіздік жылдарында экономикалық және саяси реформаларды қалыптсатыруда маңызды мәселелер шешілді. Мұны Шығыс Қазақстан облысының жағдайына қарап білуге болады. Аймақ қарқынды дамып келе жатыр.

Конференция делегаттары Саяси кеңестің жаңа құрамын, Саяси кеңестің бюросын сайлап, бірінші кезекте атқарылатын міндеттер жайында қаулы қабылдады.

Конференцияда «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының үздік белсенділері, депуттаттар марапатталды. «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі Зайсан аудандық филиалы төрағасының біріні орынбасары Қазыбек Биқадамовқа, Құрмет грамотасы Катонқарағай аудандық мәслихатының хатшысы Дүйсен Бралиновке, Глубокое ауданы «Уваровское» шаруа қожалығының жетекшісі Александр Бурдаковқа, «Қала мен дала» газетінің Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша меншікті тілшісі Әлібек Қаңтарбаевқа, Аягөз қалалық қазақ лицейінің директоры Айтқазы Қасымжановқа және басқаларына тапсырылды.
«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394