Сенбі, 23 Қараша 2024
2643 1 пікір 23 Маусым, 2022 сағат 15:02

"Бәйтерек" холдингі "Сбербанк Қазақстанды" сатып алмақ па?

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі "Сбербанк Қазақстанды" сатып алу бойынша келіссөз жүргізіп жатыр. Ақпаратты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова растады. Бұл туралы Тengrinews.kz-ке сілтеме жасап Abai.kz хабарлайды.

"Қазір "Сбербанк Қазақстанды" сату мәселесі талқыланып жатыр. Бұл - "Сбербанк Ресей" ЖАҚ-тың еншілес ұйымы. Ресейде бұл банкке санкция салынғандықтан, банк шетелдік валюталарда операция жасай алмайды. Шетелдік корреспондент-банктердегі шоттары жабылып, жаңа қаржыландыруды тарту мүмкіндігі шектеулі. Осыған байланысты "Сбербанк Ресей" өзінің еншілес ұйымын Қазақстанда сату туралы шешім қабылдады және қазіргі уақытта "Бәйтерек" холдингімен банкті сату туралы тиісті келіссөз жүргізіліп жатыр", -деді Әбілқасымова.

"Бәйтерек" ҰБХ-ның жалғыз акционері - Қазақстан үкіметі. Холдинг құрамына 8 еншілес ұйым кіреді: "Қазақстанның даму банкі", "Отбасы банк", "Даму" ӨДҚ, "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы", Kazakh Export, "Қазына Капитал Менеджмент", "Аграрлық несие корпорациясы", "ҚазАгроҚаржы" АҚ.

Abai.kz

 

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5369