Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3130 0 пікір 23 Қазан, 2012 сағат 17:39

ШҚО: мемлекеттік тілдегі құжат айналымы 93,1 пайызға жетті

Шығыс Қазақстанның жеті мыңнан астам мемлекеттік қызметкері қазақ тілі бойынша тестілеуден өтті.
Аттестаттаудан олардың жалпы санының 60 пайызға жуығы өтті, деп хабарлады Ұлттық баспасөз клубының ШҚ филиалында өткен баспасөз мәслихатында облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы Айдын Шаймарданов.
Оның ақпаратынша, аймақта қазақ тілін оқытудың жеті қалалық және бір облыстық орталығы жұмыс істеуде. Аймақтың тұрғындары үшін сондай-ақ екі айлық «Тілашар» тегін курстары қызмет етеді.
2011-2012 жылдары осындай курстарда оқуға 2,5 мыңнан астам адам ниет білдірген, соның ішінде мемлекеттік органдардың 1 050 қызметкері бар.
Басқарма басшысы сондай-ақ өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда биылғы тоғыз айдың ішінде мемлекеттік тілдегі құжат айналымы 4,2 пайызға өскенін және бүгінде 93,1 пайызды құрайтынын хабарлады.
Мемлекеттік тілге деген қызығушылықтың артуының оң үрдісі ретінде А.Шаймарданов kazcentr.kz ғаламтор-ресурсына кірушілер санының үш есеге өскенін мысалға келтірді.
«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371