Торғай облысы құрыла ма?
2022 жылы Қазақстанда үш облыс құрылды. Халық арасында елімізде тағы бір облыс құрылуы мүмкін, ол Торғай болмақ деген сыбыстар бар. Вице-премьер Ералы Тоғжанов Торғай облысын қайта құру туралы мәселесіне қатысты пікір білдірді.
"Қазір мен мұндай қажеттілікті көріп тұрған жоқпын. Арқалық қаласында халық өте аз. Сондықтан мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ. Облыстарды бөлуге қатысты барлық шешім қабылданды", - деді Ералы Тоғжанов.
Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовке Торғай облысын құру туралы сауал қойған еді. Ол жаңа облысты құру туралы шешімді жергілікті органдар емес, Президент шешетінін жеткізді.
Abai.kz