Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2780 0 пікір 22 Қараша, 2012 сағат 18:26

Өнеркәсібі өрлеген өңір

Бәйдібек ауданы әкімі аппаратының мәліметінше, 2012 жылдың 10 айында өнеркәсіп  өнімінің көлемі 1 427 528 мың теңгеге жетіп, былтырғы жылмен салыстырғанда нақты индексі 103,1%-ды құрады. Өнеркәсіппен айналысатын 52 цехтың 7-і биылғы жылы іске қосылды. Үстіміздегі жылдың 10 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 6 млрд. 970 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті мерзіміне 93,5 пайызды құрады. ҚР 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясында түзілген үш жақты келісім бойынша «Ақ ниет» шаруа қожалығының жобасы 2012 жылдың Индустрияландыру картасына енгізілді. Құны 310 млн. теңгелік бұл жоба кестеге сәйкес, осы жылдың желтоқсан айында іске асырылады. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 85 пайызы аяқталды. Сонымен қатар, Индустриялды аймақ құру үшін Шаян ауылынан 40 га жер телімі белгіленіп, рәсімделуде. Сондай-ақ, «Шымкентсельхозтехника» ЖШС-і инвестиция көлемі 960 млн. теңгеге Боралдай, Балабөген өзендеріне 3 жерден бөгет жасау арқылы  кіші су электр станциясын салып, маңайын 1000 гектарға дейін суландырып, демалыс орнын ашуға жұмыс жүргізуде. Бүгінгі таңға олар тиісті жерлерін рәсімдеуде. Атқарылып жатқан жұмыстардың бірі, ауданға шетел инвестициясын тарту болып отыр.

Бәйдібек ауданы әкімі аппаратының мәліметінше, 2012 жылдың 10 айында өнеркәсіп  өнімінің көлемі 1 427 528 мың теңгеге жетіп, былтырғы жылмен салыстырғанда нақты индексі 103,1%-ды құрады. Өнеркәсіппен айналысатын 52 цехтың 7-і биылғы жылы іске қосылды. Үстіміздегі жылдың 10 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 6 млрд. 970 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті мерзіміне 93,5 пайызды құрады. ҚР 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясында түзілген үш жақты келісім бойынша «Ақ ниет» шаруа қожалығының жобасы 2012 жылдың Индустрияландыру картасына енгізілді. Құны 310 млн. теңгелік бұл жоба кестеге сәйкес, осы жылдың желтоқсан айында іске асырылады. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 85 пайызы аяқталды. Сонымен қатар, Индустриялды аймақ құру үшін Шаян ауылынан 40 га жер телімі белгіленіп, рәсімделуде. Сондай-ақ, «Шымкентсельхозтехника» ЖШС-і инвестиция көлемі 960 млн. теңгеге Боралдай, Балабөген өзендеріне 3 жерден бөгет жасау арқылы  кіші су электр станциясын салып, маңайын 1000 гектарға дейін суландырып, демалыс орнын ашуға жұмыс жүргізуде. Бүгінгі таңға олар тиісті жерлерін рәсімдеуде. Атқарылып жатқан жұмыстардың бірі, ауданға шетел инвестициясын тарту болып отыр. Атап айтатын болсақ «BT-Invest» және «New Smart Energy» ЖШС-мен ауданның Жүзімдік елді мекенінің аумағынан «Арыстанды Қарабас» желін пайдалану арқылы тәулігіне 40-42 МГВ электр энергиясын өндіретін қондырғылар салуға келісілді. Олардың әр қайсысына  1000 га көлемінде келісім шарт арқылы жер телімі беріліп, жұмыстарына кірісті.    Биылғы жылдың 10 айында аудан шаруалары мен кәсіпкерлеріне «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы арқылы   75 млн. 750 мың теңге,  «Бәйдібек несие» серіктестігі арқылы 380 млн 201 мың теңге несие берілді.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387