Жұма, 11 Қазан 2024
1347 0 пікір 20 Маусым, 2022 сағат 11:30

Алматыда қыркүйек айында 3 жаңа мектеп ашылады

Алматының үш ауданында салынып жатқан 5 мектептің құрылысы жыл соңында аяқталады. Әрқайсысы 7500 орынды қамтитын мектептер Алатау, Наурызбай, Түрксіб аудандарында орналасқан. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев жергілікті бюджетті нақтылау жөнінде мәслихаттың XXII сессиясында айтты.

Оқушы орындарының тапшылығын төмендету мақсатында мектеп салынады.

"Наурызбай, Түрксіб және Алатау аудандарында әрқайсысы 7500 орынды 5 мектептің құрылысы жыл соңына қарай аяқталады", - деді қала әкімі.

Сонымен қатар жаңа оқу жылында 3 мектеп ашу жоспарланып отыр.

Жаңа оқу жылында Қалқаман шағынауданында – 1800, Саялы шағынауданында – 1800, Томирис шағынауданында – 1500 орындық 3 жаңа мектеп салу жоспарланып отыр.

Аталған оқу орындарының жұмыс істеуі үшін, оның ішінде мұғалімдердің жалақысына жыл соңына дейін 308 млн теңге бөлінеді.

Жергілікті бюджеттен қосымша шығындарға қаржы қарастырылған, мысалы, кешкі оқу, ғылыми дәреже, тәлімгерлік, мектепке дейінгі оқыту, мұғалімдердің жалақысына және басқа шығындарға, Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында Art Sport бағдарламасын одан әрі іске асыру үшін Алматыда биыл 1 қыркүйегіне дейін 4,5 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр.

 

Abai.kz

0 пікір