Спорт секциялары мен үйірмелерге 4,5 млрд теңге бөлінеді
Бүгінде Алматы қаласы бойынша 44 мыңнан астам бала 594 спорт секциясына тегін қатысады. Ал 1 179 шығармашылық үйірмеге бір уақытта 56 мың бала барады екен. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев мәслихат отырысы кезінде айтты.
«Бұл бастаманы алматылықтар жақсы бағалап отырғанын айта кету қажет. Өтініш өте көп. Бұл 2,6 млрд теңге сомасына кредиттік берешектің қалыптасуына себеп болды (1,7 млрд тг. – спорт,900 млн. тг. - мәдениет). Осыған байланысты, Ел Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында біз қосымша 4,5 млрд теңге қарастырып отырмыз. Оның 3 млрд теңгесі спорт секцияларына және 1,5 млрд теңгесі шығармашылық үйірмелерге бөлінеді», - деді қала әкімі.
Бұл ретте, ARTSPORTEDU.KZ бағдарламасының өзінде балалардың, өнім берушілердің деректерін тексеруге, мемлекеттік органдардың деректер базасымен толық интеграцияның болмауына байланысты проблемалар бар.
Abai.kz