Жұма, 22 Қараша 2024
1443 0 пікір 28 Маусым, 2022 сағат 16:06

Алматыда домбыра сыныптары ашылады

«AMANAT» партиясының Miras қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында кеңес мүшелері Аягүл Миразова мен Ұлжан Байбосынова мектептерде домбыра сыныбын ашу туралы ұсыныс айттты.

Тікелей эфир режимінде өткен отырысқа қоғамдық кеңес төрайымы Қаракөз Сүлейменова, кеңес мүшелері, «AMANAT» партиясының Алматы қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Қайрат Бисембаев, сондай-ақ күн тәртібіндегі сұрақтарға байланысты Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Айбар Теменов, Білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Сайлаубай және Мәдениет басқармасының өкілі Арман Халбеков қатысты.

Жиын барысында Арман Халбеков баяндама жасап, қазір шығармашылық ортада жүрген қаламгерлерге мемлекет тарапынан әлеуметтік-рухани тұрғыда қолдау көрсету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Мемлекет басшысының Жолдауында аталып өткен әрбір мектепте домбыра сыныптарын ашу жұмыстарының барысымен таныстырды.

Кеңес мүшелері басқарма өкілдеріне қазіргідей алмағайып заманда ел тұтастығы мен бірлігіне баса назар аудару керек екенін ескертті. Осыған қатысты тиісті жұмыстарға тереңінен көңіл бөлуге кеңес берді.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318